26.10.2016, 11:02 2743

Шымкент қаласы әкімініӊ жүлдесі үшін республикалық КТК ойындары өтті

Республикалық деӊгейде өткен әзілкештер сайысына Семей, Орал, Қарағанды, Талдықорған, Қызылорда, Тараз, Алматы қалалары мен Оӊтүстіктіӊ Шымкент, Түркістан, Жетісай қалаларынан барлығы 11 құрама команда қатысып, қала әкімініӊ кубогі үшін ақтық сайысқа түсті.

Шымкент. 26 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай Шымкенттегі "Түркістан" сарайында Шымкент қаласы әкімініӊ жүлдесі үшін республикалық КТК ойындары өтті. КТК ойынын Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғабидолла Ибдірахымов қатысты,деп хабарлайды әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

Бұл реткі КТК ойындарын тікелей "Қазақстан КВН одағыныӊ" президенті, Республикалық "Жайдарман" әзілкештер мен тапқырлар сайысыныӊ жүргізушісі Есен Елеукен жүргізіп отырды.

Республикалық деӊгейде өткен әзілкештер сайысына Семей, Орал, Қарағанды, Талдықорған, Қызылорда, Тараз, Алматы қалалары мен Оӊтүстіктіӊ Шымкент, Түркістан, Жетісай қалаларынан барлығы 11 құрама команда қатысып, қала әкімініӊ кубогі үшін ақтық сайысқа түсті.

КТК ойындарыныӊ қорытындысы бойынша әділқазылар шешімімен Қазақ ұлттық аграрлық университетініӊ "Ханшайым" командасы қала әкімініӊ кубогын иеленді. Ал, жүлделі І орынға Шымкент қаласыныӊ "Байдыӊ балалары" құрамасы тұрақтаса, ІІ орынды Алматы "ТАТУ құрамасы" жеӊіп алды. Жүлделі ІІІ орынды Ақмола облысыныӊ "Қорғалжын" құрама командасы қанжығалады. Ерекше ойын өрнегімен көзге түскен "ХҚТУ Тарифі" Жайдарман тобыныӊ ойыншысы Бекұлан Жолдықожа қала әкімініӊ "Алғыс хатымен" марапатталды.

Жеӊімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны