10.11.2015, 18:47 3936

Шымкент-Самара күре жолындағы апат 4 адамныӊ өмірін қиып кетті

ОҚО ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен хабарлағандай, күре жолда екі көлік соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, оған жолдыӊ қарсы жолағына шығып кеткен "Лексус LX" көлігініӊ жүргізушісі кінәлі болды.

Астана. 10 қараша. Kazakhstan Today - Шымкент-Самара күре жолындағы апаттан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ОҚО ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен хабарлағандай, күре жолда екі көлік соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, оған жолдыӊ қарсы жолағына шығып кеткен "Лексус LX" көлігініӊ жүргізушісі кінәлі болды. "Опель Вектра" көлігімен соқтығысу салдарынан ОҚО-ныӊ Сайрам ауданыныӊ тұрғындары болып табылатын 29 жастағы жүргізуші және оныӊ 1970, 1978 және 1990 жылғы үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Соққыдан кейін көліктіӊ өртенгені белгілі болды, еп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Лексус" көлігініӊ 24 жастағы жүргізушісі мен оныӊ 4 жолаушысы түрлі жарақаттармен Ордабасы ауданыныӊ ауруханасына жеткізілді. Аталған фактімен ҚР ҚК-ніӊ 345-бабы бойынша сот алды тергеу амалдары өткізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды. ОҚО ІІД баспасөз қызметініӊ мәліметтерінше, биылғы жылдыӊ 10 айыныӊ ішінде жүргізушілердіӊ кінәсінен 1818 жол-көлік оқиғасы болды, онда 316 адам қаза тауып, тағы 2516 адам түрлі жарақаттар алған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны