07.08.2006, 14:32 3123

Шымкентте 6506 әскери бөлімшеде бір әскердің жарақат салдарынан кома жағдайына көшу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

ШЫМКЕНТ. 7-тамыз. Kazakhstan Today. Шымкентте 6506 әскери бөлімшеде бір әскердің жарақат салдарынан кома жағдайына көшу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Осыдан төрт күн бұрын жедел жәрдем ауруханасына 6506 әскери бөлімшесінде борышын өтеп жүрген 20 жастағы сержант ес-түссіз жағдайда жеткізілген. Шұғыл тексеруден кейін бастың ішінде ұйып қалған қанды алу үшін оның миына трепанация жасалды. Күрделі операциядан кейін жас жігіт бірнеше күн кома жағдайында болған.

Ішкі істер лазареті қызметкерлерінің айтуынша, олар Ерлан Қаденовты 31-шілдеден бастап емдеген. Искердің басы айналып, құсқысы келе берсе керек. Жұқпалы аурулар ауруханасында оны уланудан емдеп, артынан токсикология бөлімшесіне ауыстырып, асқазанын тазалаған. Алайда әскердің жағдайы нашарлай береді.

Ал әскери прокуратура әскери қызметкердің басынан жарақаттану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға әлімжеттік дерегінің себеп болғанын тергеу жоққа шығармайды.

Бөлімше командирі, полковниік Илішер Мәткәрімовтың Kazakhstan Today тілшісіне хабарлағанындай, "бүгін сержанттың жағдайы жақсарып қалды, ол есін жинады, енді оны реанимациядан ортақ палатаға көшіру мәселесі шешіледі". Оқиғаның себептері туралы сауалға И.Мәткәрімов былай деді: "Біз оқыс оқиға, денсаулығы нашарлау және әлімжеттік оқиғалары сынды бірнеше жорамалдың біреуін де жоққа шағарып отырған жоқпыз. Бәрін тергеу анықтайды". Командирдің айтуынша, "сержант тәртіпті әрі адал жан. Сарбаздар арасында беделді".

Искери-тергеу бөлімінің қызметкерлері қазір офицердің қызметтестерінен жауап алуда. Дәрігерлер рұқсат бере сала тергеушілер сержантпен де тілдеседі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны