22.05.2018, 11:12 3922

Шымкентте "Аллергологияныӊ және пульмонологияныӊ өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Шымкет қаласында аллергоорталықтыӊ ашылуына 40 жыл толуына орайластырылған шара

Шымкент. 22 мамыр Kazakhstan Today - Шымкент қаласында Қазақстанныӊ барлық өӊірлері мен Ресей және Өзбекстаннан арнайы келген медицина саласыныӊ майталмандары "Аллергологияныӊ және пульмонологияныӊ өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда бас қосты. Жиынға қатысушыларды ОҚО денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Мұқан Егізбаев қарсы алып, ұйымдастырылып отырған шараныӊ маӊыздылығына тоқталды. Өӊірдіӊ бас дәрігері "соӊғы жылдары аурудыӊ бұл түріне шалдыққан азаматтардыӊ күрт артуына байланысты, халықаралық деӊгейдегі мұндай жиынды тұрақты түрде өткізіп тұрудыӊ пайдасы мол" екенін атап өтті.

Шымкет қаласында аллергоорталықтыӊ ашылуына 40 жыл толуына орайластырылған шара "АллергоЮг" қоғамдық бірлестігініӊ ұйымдастыруымен өтті. Соӊғы жылдарда аллергиялық аурулардыӊ күрт осуіне байланысты алыс-жақын шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу мақсатында ауқымды іс шаралар ұйымдастыру қажеттілігі туындауда. Бұл конференцияныӊ көмегімен терапевттер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен аллергологтардыӊ, пульмонологтардыӊ арасындағы өзара байланыс күшейеді, деп күтілуде. Соныӊ арқасында мамандардыӊ біліктілігі артып, халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасыныӊ жоғарылауына алып келері сөзсіз. Жиында Оӊтүстік Қазақстан облысы, қала және ауылдық жерлердіӊ жалпы тәжірибелік дәрігерлері, терапевттері мен педиатрлары бас қосты.

"Аллергиялық аурулар өзекті аурулар қатарына жатқызылмағандықтан, оған аса мән беріле бермейді. Оныӊ үстіне аллергияға шалдыққан азаматтар өздігінен ем қабылдауды әдетке айналдырып алады. Осыдан келіп аурудыӊ бұл түрімен ауыратын науқастардыӊ саны аз деген көрсеткіштер пайда болады. Іс-шара аралас қызметті дәрігерлерді жинауды, оларға аллергология мен пульмонологияныӊ жан - жақты жетістіктерін жеткізуді көздейді. Еліміздіӊ әртүрлі аймақтарынан және өзге елдерден келетін әріптестермен тәжірибе алмасу мүмкіндігін, аллергиялық ауруларға қатысты емдеуді мейлінше жоғары дәрежеге жеткізуді мақсат етіп отыр", - дейді Шымкент қалалық көпсалалы ауруханасыныӊ бас дәрігері Рамазан Бектұрғанов.

"Аллергологияныӊ және пульмонологияныӊ өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Ресейден, Өзбекстаннан, Қазақстанныӊ өзге де аймақтарынан арнайы келген лекторлар, Оӊтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаменті басшылығы, сонымен қатар Яссауи атындағы ХҚТУ кафедраларыныӊ қызметкерлері, Оӊтүстік Қазақстан фармацевтикалық академиясыныӊ қызметкерлері қатысты. 100-дей қатысушы болады деп күтіліп отыр.

Шымкент қалалық көпсалалы ауруханасыныӊ "Аллергология бөлімшесі" 60 төсек орынға арналып 1978 жылы "Фосфор ауруханасыныӊ" құрамында ашылған. Изірге бұл ОҚО бойынша жалғыз бөлімше. Бір жыл көлемінде бөлімшеде 2400-2600 науқас ем алып шығады, оныӊ 65 %-ын бронхтық астмамен ауратын науқастар құрайды. ШҚКА қабылдау бөліміне тәулігіне жедел есекжеммен 15-20 науқас, бронхтық астма ұстамасымен 10 шақты науқас келіп қаралады. Санавиация желісі бойынша бір жыл көлемінде облыс бойынша 30-ға жуық, қала бойынша перзентханаларды қосқанда 200 - ге жуық шақыртуларға қызмет көрсетіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны