26.12.2007, 15:00 1909

Шымкентте қатты жел мен қалың қардың салдары жойылуда

Шымкентте қатты жел мен қалың қардың салдары жойылуда

Шымкент. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қатты соққан желдің салдарынан Шымкенттің мыңдаған тұрғыны, оншақты кәсіпорындар мен коммерциялық нысандар жарықсыз қалды. Бұл туралы баспасөз мәслихатының алдында журналистерді облыс әкімінің орынбасары Ислам Ибішев құлағдар етті.

"23-25 желтоқсанда соққан қатты желден кейін, диспетчерлік қызметіне қала тұрғындарынан көптеген шағымдар түсті ", - деді И. Ибішев.

Икімдіктің мәліметтері бойынша, бірнеше қосалқы станциясы істен шығып, 92 желінің жұлыну оқиғасы тіркелді.

Баспасөз мәслихатында айтылғанындай, кәсіпорын нысандары арасында № 54, №94 жылу қазандықтары өшіріліп, психикалық аурулар диспансерінің № 19 жылу қазандығының жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ РК-1 сорғышы, қаланы сумен қамтамасыз ететін Ақбай-Қарасу, Бадам су жинағыштары істен шықты.

Электр қуатын өшіру кезінде ең қиян жағдай "Тұрлан экспедициясы" ықшам ауданын жылумен қамтамасыз етіп отырған № 54 қазандығында орын алды. Онда 24 желтоқсанда сағат 11.30 элект қуатын беру тоқтатылды. 18.00 құбырлардың қатуын алдын алу үшін, жылу магистралінен суды төгу жөнінде шешім қабылданды. 76 үй, фельдшерлік пункт, мектеп пен балалар бақшасы жылусыз қалды. Электр қуаты жылу қазандығына тек 24 желтоқсанда сағат 23.00 беріліп, қазанға су 05.30 сағатта толтырылып, от жағылды. Енді тұрғын үйлер жылумен қамтамасыз ету жүйесіне қосылып жатыр.

Бұдан бұрын айтылғанындай, қалалық электр желілеріне қызмет көрсететін "Оңтүстік жарық" энергетикалық кешен жетекшілері, Тәуелсіздік күні қарсаңында қыс кезеңіне толық дайындық жасағанын жариялап, осы жолы энергетикалық қызметінде ақаулықтардың болмайтынын мәлімдеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны