15.04.2010, 15:34 3296

Шымкентте келісім-шарт қызметінің аға сержанты үш жасар баланы өрттен құтқарып алды

Шымкентте келісім-шарт қызметінің аға сержанты үш жасар баланы өрттен құтқарып алды

Шымкент. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Шымкентте 6506 әскери бөлімшенің келісім-шарт қызметінің аға сержанты Нұрлан Ибжанов үш жасар баланы өрттен құтқарып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today әскери құрылым командирінің тәрбие-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Ерлан Тазабековқа сілтеме жасап.

Е. Тазабековтың айтуынша, Нұрлан Ибжанов түскі астан бөлімшеге қайтып келе жатып, тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шыққан өртті көріп қалған.

"Ол маңайдағы бір дүкеннен өрт сөндірушілерді шақырып, өзі пәтерге қарай жүгірген. Есік алдында пәтердің әйел қожайыны тұрған, ол кілті болмауға байланысты ішке кіре алмаған. Аға сержант темір есікті бұзып кіріп, көршілердің көмегімен өртті сөндіреді. Пәтердің жуынуға арналған бөлмесінен ол үш жасар ұл баланы тапқан. Бала балконда сіріңкемен ойнау барысында от жіберіп алып, жалын шыққан кезде жуынатын бөлмеде жасырынғаны анықталды", - деді Е. Тазабеков.

ҚР ІІМ ішкі іскерлердің қолбасшысы генерал-майор Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен Нұрлан Ибжанов "баланы өрттен құтқару кезінде ерлік пен епсектік көрсете батыл қимылдағаны үшін" ІІ дәрежелі "Қайсар" төс белгісімен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны