22.12.2008, 17:53 2877

Шымкентте қорғасын зауытының жұмысшалары жалақы төлеуді талап етіп тағы да наразылық акциясын өткізді - телеарна

Шымкентте қорғасын зауытының жұмысшалары жалақы төлеуді талап етіп тағы да наразылық акциясын өткізді - телеарна

Шымкент. 22 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "ПК "Южполиметалл" АҚ-ның бірнеше жүздеген жұмысшылары бүгін кәсіпорынның зауыт басқармасының жанында жиналып, тағы да жалақы төлеуді талап етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап.

Зауыт қызметкерлерінің айтуынша, 10 қарашадан бастап оларды жалақысыз мәжбүрлі демалысқа жіберген, алайда, қыркүйек, қазан айлары мен қарашаның басындағы жалақы берешектері әлі өтелген жоқ. Жұмысшылардың айтуынша, жалақыны Құрбан айт мерекесіне дейін беруге уәде болған. Ал осы уақыт ішінде көптеген қызметкерлердің үйлерінде коммуналдық қызметтерге берешекке байланысты жарық, газ бен жылу берілмей отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны