14.05.2012, 17:09 3166

Шымкентте оқушылар арасында орын алған жаппай төбелес салдарынан бір оқушы жансақтау бөліміне жеткізілді

Шымкентте екі мектептің жоғары сынып оқушылары өз ара төбелесіп қалған.

Астана. 14-мамыр. Kazakhstan Today - Шымкентте оқушылар арасында орын алған жаппай төбелес салдарынан бір оқушы жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шымкентте екі мектептің жоғары сынып оқушылары өз ара төбелесіп қалған.

Дүйсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" қаланың Еңбекшіқазақ ауданы ішкі істер бөлімшесінің тергеу бөлімінен хабарлағандай, төбелеске 30-40 оқушы қатысқан, олар бір-біріне тас және бос бөтелке лақтырған.

Полицияның деректеріне қарағанда, оқиғаға қатысушылардың бірінің басына тас тиген, ол жансақтау бөліміне түскен.

Бұл факті бойынша "бұзақылық " бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған, тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны