26.02.2007, 16:03 3547

Шымкентте опера және балет театрын құру жоспарлануда

ШЫМКЕНТ. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы Шымкентте опера және балет театрын құруға ниетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бізге опера театры керек, біз қажетті мүмкіндік пен қаржыны табамыз",- деді сенбі күні облыстық театрдағы Астана, Алматы, Ташкент және Бішкек қалаларының опера және балет театрларының әртістерінің қатысуымен өткен үлкен концертте сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев. "Біз театр арқылы адамдарды тәрбиелеп, рухани байытамыз. Өйтпесек, бүкіл қала базарға, ал кинотеатрлар тойханаға айналып бара жатыр",- деді әкім.

Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық мәдениет департаментінің көркемөнер бөлімінің бас маманы Гаухар Төлепованың хабарлауынша, әкім бірнеше ай бұрын мәдениет департаментінің алдына "театр құруға болатын базаны - адамдарды, әлеует пен ғимараттарды көрсету" міндетін қойған. Гаухар Төлепованың айтуына қарағанда, мамандар Шымкенттің осы тұрғыда үлкен мүмкіндігі бар деп санайды. "Бізде көптеген жылдар бойы мәдениет институты, музыкалық колледж, балет мектебі жұмыс істеуде",- деп түсіндірді ол.

Гаухар Төлепованың мәліметтеріне сүйенсек, билік опера және балет театрының ғимараты ретінде бұрынғы Машина жасаушылар сарайын таңдауға пейіл.

Гаухар Төлепованың айтуынша, "дайындық жұмыстары табысты өтуде, енді тек әкімнің опера және балет театрын құру туралы қаулысы ғана күтілуде".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны