02.09.2007, 16:22 3317

Шымкентте тұрғындардың үштен бір бөлігін жылумен қамтамасыз ететін су құбырын тарту кестесі үзілуде

Шымкентте тұрғындардың үштен бір бөлігін жылумен қамтамасыз ететін су құбырын тарту кестесі үзілуде.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. ШЫМКЕНТ. Шымкентте тұрғындардың үштен бір бөлігін жылумен қамтамасыз ететін су құбырын тарту кестесі үзілуде, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Бүгінде қажетті 22 шақырым 340 метр су құбырының небәрі 6 шақырым 600 метрі ғана тартылған",- деп хабарлады облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің бас маманы Татьяна Зорина. Мамандардың есебі бойынша, кестеден 30-35 күнге кешеуілдеп қалған.

Татьяна Зоринаның айтуынша, кестеден қалуға Ресейден үлкен диаметрлі құбырлар тасымалының кешігуі себеп болып табылады.

Агенттік тілшісіне белгілі болғандай, құбырларды тасымалдау мәселесі бүгінге дейін толық шешімін таппаған. Құбырларды Қазақстаннан тасымалдау да қарастырылып жатыр, бірақ бұл қосымша қаржы бөлуді талап етеді және жобаның қымбаттауына әкеп соқтырады.

Бұрын хабарлағанымыздай, маусымда Шымкенттің оңтүстік-батыс бағытында 3-ші ЖЭО мен қаланың оңтүстік бөлігін қосатын жаңа жылу құбыры тартыла бастаған болатын. Үстіміздегі жылдың көктемінде 1-ші ЖЭО мен 2-ші ЖЭО қаланың жылу схемасынан шағарылып, Шымкент үшін жалғыз ірі жылу көзі 3-ші ЖЭС болып қалған болатын. Сонымен қатар қалада бірнеше қазандық жұмыс істейді. Мамандардың есебі бойынша, 3-ші ЖЭС-нің қуаты Шымкентті жылытуға жетеді, бірақ бұрындары 1-ші және 2-ші ЖЭО қызмет көрсетіп тұрған жылу желілерін 3-ші ЖЭО-мен тек жылу құбырының жаңа бұтақтарының көмегімен ғана түйістіруге болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны