03.12.2012, 09:31 3740

Шымкентте ҮИИДБ бойынша қағаз комбинаты ашылды

Бұл неміс технологиясымен жұмыс жасайтын еліміздегі алғашқы қағаз комбинаты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Шымент. 3-желтоқсан. Kazakhstan Today - Шымкентте мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жаңа кәсіпорын ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл неміс технологиясымен жұмыс жасайтын еліміздегі алғашқы қағаз комбинаты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Кәсіпорынның құрылысына бір миллиард теңге жұмсалған. Мұнда жылына 15 мың тонна қағаз өндіріледі. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, бұл ішкі нарықты сапалы қағазбен қамтамасыз етумен қатар, шетелдерге де өнім шығаруға мүмкіндік береді.

"Қазіргі таңда Қазақстандағы полиграфиялық қағаздар толығымен өзге мемлекеттерден әкелінеді. Осы уақытқа дейін біздің елімізде кеңсеге арналған полиграфиялық қағаз шығарылмай келді. Сондықтан біз осы өнім түрін шығаруға шешім қабылдадық. Ирі мемлекет тарапынан көптеген бағдарламалар қолға алынып, отандық өнім өндірушілерге жан-жақты қолдау көрсетілуде. Фабриканың "Оңтүстік" индустриалдық аймағында салынуы бізге өте тиімді болып отыр. Қазір еліміздің қағаз нарығы орташа алғанда 100 миллион долларды құрайды, оның бәрі импортталады. Яғни бұл мүмкіндігі мол игерілмеген нарық. Полиграфиялық қағазымыздың шетелдік өнімдермен салыстырғанда барлық параметрлер бойынша озық боларына кепіл береміз", деді " Kagaz Shahary SEZ" ЖШС директоры Максим Скринник.

Кәсіпорынның іске қосылуына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілгендіктен дайын өнімнің бағасы шамамен 10% арзан болады. "Жобаның екінші кезеңінде біз макулатурадан қағаз шығаруды ұсынамыз. Қажеті жоқ ескі-құсқы қағаздар босқа шашылмай, арнайы қабылдау орнына тапсырылады. Сөйтіп, өндірісте қолданылатын шикізатты шетелден тасымалдаудың қажеті болмайды", дейді серіктестік басшысы.

Қағаз комбинатында қазір 50 адам жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны