05.04.2010, 15:04 3442

"Шынар" ЖШС Қызылағаш су қоймасының тоғанын пайдаланған 10 жылда нысанға бір теңге де салмаған

"Шынар" ЖШС Қызылағаш су қоймасының тоғанын пайдаланған 10 жылда нысанға бір теңге де салмаған

Алматы. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылағаш ауылының тұрғындары осы аттас су тоғанындағы апаттық жағдай туралы уәкілетті құрылымдарға тіпті осыдан екі жыл бұрын жазған. Өз кезегінде "Сарқанд шаруашылық есептегі 72-ші жөндеу участогы" РМК реабилитациялық басқарушысы С. Мұхамадиев құқық қорғау органдарына "Шынар" ЖШС Қызылағаш су қоймасының тоғанын пайдаланған 10 жылда нысанға бір теңге де салмағанын мәлімдеген, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

С. Мұхамадиевтің 2009 жылдың 11 ақпанындағы Алматы облыстық прокуратурасына жазған хатында Қызылағаш ауылының тұрғындарының облыс әкімі мен ҚР Ауылшаруашылығы министрі мен Су ресурстары комитетінің төрағасына жазған шағымынан кейін тоғандағы апаттық жағдай туралы мәліметтерді тексеру үшін арнаулы комиссия тағайындалған.

"Комиссия су қоймасын пайдаланудағы өрескел заң бұзушылықтар мен оның апаттық жағдайда екенін анықтаған", - деп жазған С. Мұхамадиев бұған қоса өз хатында: "тоғанды қалыпты ахуалға жеткізу үшін 171 млн теңге бөлу қажеттігін" атап көрсеткен.

""Шынар" ЖШС -де қазір актіде көрсетілген жөндеу жұмыстарын жүргізуге жеткілікті қаржы жоқ. Аталған ұйым кейінгі 10 жылда оны жөндеу мен ұстауға бір теңге де бөлмеген, ол тұрмақ тіпті нысанды талан-таражға салуға жол берген. Соған қарамастан, "Шынар" ЖШС түрлі қарсылықтар көрсетіп бағуда, мемлекеттік мүлікті республикалық меншікке өз еркімен қайтарып беруге еш құлық танытпай отыр", - делінген хатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны