27.02.2015, 14:36 4045

ШҚО "Астана - Өскемен" магистралініӊ 118 шақырымына күрделі жөндеу жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысында "Астана - Өскемен" магистральініӊ 118 шақырымына күрделі жөндеу жүргізілді. Ағымдағы жылы магистральдыӊ қосымша 53 шақырымына күрделі жөндеу жүргізіліп, жобалық-іздестіру жұмыстарын аяқтау жоспарданып отыр, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы

Өскемен. 27 ақпан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында "Астана - Өскемен" магистральініӊ 118 шақырымына күрделі жөндеу жүргізілді. Ағымдағы жылы магистральдыӊ қосымша 53 шақырымына күрделі жөндеу жүргізіліп, жобалық-іздестіру жұмыстарын аяқтау жоспарданып отыр, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұған дейін белгілі болғандай, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту хаб қағидаттары бойынша макроаймақтарды қалыптастыру арқылы іске асырылмақ. Инфрақұрылымдық негіз Астананы өӊірлермен күн сәулесі іспеттес магистральды автомобиль жолдары, теміржолдар мен авиажелілерімен байланыстыратын болады.

- ШҚО "Астана - Өскемен" магистральініӊ 118 шақырымына күрделі жөндеу жүргізілді. Ендігі кезекте биыл магистральдыӊ қосымша 53 шақырымына жөндеу жүргізіп, жобалық-іздестіру жұмыстарын аяқтау жоспарда бар, - деді өӊір тұрғындарымен есептік кездесуінде Д. Ахметов.

Осылайша, жобаларды іске асыру 2020 жылға қарай автомобиль көлігімен тасымалдау көлемін 1,5 есе арттыруға, 2 мыӊнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. Нысандардыӊ құрылысына жергілікті материалдар қолданылып, құрылыс индустриясын дамыту күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны