27.02.2015, 23:33 4401

ШҚО биыл 367 мыӊ шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі

ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыс тұрғындарымен есептік кездесуде "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылы жалпы аумағы 367 мыӊ шаршы метр құрайтын мыӊ жарым тұрғын үй, 39 көппәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы

Астана. 27 ақпан. Kazakhstan Today - ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыс тұрғындарымен есептік кездесуде "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылы жалпы аумағы 367 мыӊ шаршы метр құрайтын мыӊ жарым тұрғын үй, 39 көппәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шығыс Қазақстанда "Нұрлы жол" бағдарламасын оӊтайлы жүзеге асыруға баса маӊыз беріліп отыр. Тек биыл ғана 31,7 млрд.теӊге сомаға жалпы аумағы 367 мыӊ шаршы метр құрайтын мыӊ жарым тұрғын үй, 39 көппәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілмек.

Есептік кездесуде өӊір басшысы "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы аясында 2014 жылы жалпы аумағы 110,8 мыӊ ш.метр құрайтын 19 көппәтерлі және 82 бір пәтерлі тұрғын үй тұрғызылып, 1587 кезекте тұрған азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілгенін айтып өтті. Тұрғын үй құрылысына жұмсалған қаржыныӊ 55 % жекеменшік салушылардыӊ қаражаты болып табылады.

Айта кетерлігі, облыс бойынша жыл аяғына дейін 19 көппәтерлі және 1 429 жеке үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жоспарды жүзеге асыру барысында 3 мыӊ жұмыс орыны ашылып, 8 мыӊ адам үймен қамтылмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны