08.05.2018, 21:59 4181

ШҚО Ұлан ауданына жаӊа әкім тағайындалды

Ұлан аудандық мәслихаты депутаттарыныӊ келісімімен аймақ басшысы Даниал Ахметовтіӊ өкімімен Ұлан ауданы әкімі қызметіне Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов тағайындалды. Ол бұған дейін облыс әкімініӊ бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Өскемен. 8 мамыр. Kazakhstan Today -Ұлан аудандық мәслихаты депутаттарыныӊ келісімімен аймақ басшысы Даниал Ахметовтіӊ өкімімен Ұлан ауданы әкімі қызметіне Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов тағайындалды. Ол бұған дейін облыс әкімініӊ бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Жаӊа басшыны аудан активіне облыс әкімі Даниал Ахметов таныстырды. Нұрымбет Аманұлы 1970 жылы 6 тамызда Оӊтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1992 жылы Қызылорда педагогикалық институтын тәмамдаған. Сондай-ақ, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінде, МЭСА қашықтықтан білім беру институтында, МЭСА Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтында білім алды.

Еӊбек жолын институт бітіргеннен кейін 1992 жылы Қызылорда қаласындағы № 172 орта мектебінде мұғалімдіктен бастаған. ҚР Қарулы күштері қатарында әскери борышын өткерген соӊ, Қызылордада № 9 орта мектепте жұмысын жалғастырды. 1995 жылдан бастап Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасыныӊ бөлім бастығыныӊ орынбасары болып жұмыс істеді. Кейін бес жыл ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінде бас инспектор, төрағаныӊ көмекшісі, бөлім бастығы қызметін атқарды. 2006 жылдан бастап ҚР Парламентіндегі Үкімет Өкілдігініӊ бас инспекторы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бөлім бастығы, министрдіӊ кеӊесшісі болды. 2007 жылдыӊ кыркүйек айында ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігініӊ Көші-қон комитеті төрағасыныӊ орынбасары міндетін атқарды. 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімініӊ орынбасары, ал 2015 жылдыӊ 31 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы әкімініӊ бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны