11.02.2008, 16:04 2777

ШҚО жүзеге асырылатын "серпінді" жобалар жаңа 10 мың жұмыс орнын қамтамасыз етеді

ШҚО жүзеге асырылатын "серпінді" жобалар жаңа 10 мың жұмыс орнын қамтамасыз етеді

Семей. 11 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асырылатын "серпінді" жобалар жаңа 10 мың жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Бұл туралы агенттік тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, облыста $6,7 млрд сомасындағы 44 "серпінді" жобалар анықталды. "Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы жергілікті бюджеттің табыс көлемін 15 % өсіп, аймақтың жалпы өнімі 2,7 есе ұлғаяды. Сондай-ақ, 10 мың жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етеді ", - деп атап өтті ШҚО әкімі Жәнібек Кәрібжанов.

Ол хабарлағанындай, бүгінгі күні екі жоба толық іске асырылды. Тағы да екеуінің бірінші кезеңі аяқталып, 12 жоба қолға алынуда. "Жобаны жүзеге асыру үшін 87,9 млрд теңге инвестиция салынды. "Серпінді " жобалар тізіміне кіргізілген басқа жобалар бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Оның техникалық -экономикалық негіздемелері, жобалық-сметалық құжаты, қаржыландыру мәселелері талқылануда", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны