25.06.2014, 22:23 5486

ШҚО-да "Мектеп топтарымен алмасу" жобасы басталды

Шығыс Қазақстан облысында өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен ШҚО білім беру басқармасының бастамасымен құрылған "Мектеп топтарымен алмасу" жобасы енгізілді.

Алматы. 25 маусым. Kazakhstan today. Шығыс Қазақстан облысында өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен ШҚО білім беру басқармасының бастамасымен құрылған "Мектеп топтарымен алмасу" жобасы енгізілді.

ШҚО ақпараттық орталығының хабарлауынша, жобаның мақсаты облыстың тарихи және көрнекті орындары мен ірі кәсіпкерліктерін аралау үшін жазғы уақытта облыс ішінде балалар тобымен алмасу болып табылады.

Жобаның қатысушылары Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалалары мен Күршім, Қатон-Қарағай және Шемонаиха аудандары мектептерінің оқушылары болып табылады.

Жоба аясында осы аптада 14 баладан тұратын екі топ сапарға шығады. Олар Семей қаласы, Қатон-Қарағай және Шемонаиха аудандарының балалары.

Оқушылар шара бағдарламасы бойынша облыстың айтулы орындары мен тарихи және мәдени орындарын аралап, өңірдегі ірі кәсіпкерліктердің жұмысымен танысады. Сонымен қатар, осы аптада облыс орталығының өзге де аудандары балалары Семей қаласына ат басын тіремек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны