15.05.2014, 23:18 4389

ШҚО-да "Тіл - халықтың жан-дүниесін тану кілті" байқауына үздік қатысушылар таңдалуда

Өскемен қаласында өзге ұлт өкілдерінің жастары арасында республикалық "Тіл - халықтың жан-дүниесін тану кілті" байқауының облыстық кезеңі өтуде.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan today. Өскемен қаласында өзге ұлт өкілдерінің жастары арасында республикалық "Тіл - халықтың жан-дүниесін тану кілті" байқауының облыстық кезеңі өтуде.

Байқаудың шешуші кезеңінде өнер көрсету үшін 13 шығысқазақстандық бақ сынады. Олардың барлығы аймақтық және қалалық деңгейде өткен сайыстардың үздіктері, деп ШҚО Ақпараттық орталығынан хабарлады.

"Қазақ тілін бірінші сыныптан бастап үйрене бастадым. Маған өте ұнайды. Идеби шығармаларды оқығанды ұнатамын. Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығы жаныма жақын", - деп республикалық байқаудың облыстық кезеңінде бақ сынаған Владислав Заречнев ағынан жарылды.

Айта кетерлік жайт, әділ-қазылар алқасы қорытынды шығарар алдында байқауға қатысушының сауаттылығын, сөз саптау мәдениетіне, шешендік өнеріне және аудиторияда өзін-өзі ұстау мәнеріне көбірек көңіл бөлді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны