29.02.2008, 10:55 903

Шолпан ата - Алматы тас жолы Қырғызстандағы алғашқы ақылы жол болмақ

Шолпан ата - Алматы тас жолы Қырғызстандағы алғашқы ақылы жол болмақ

Бішкек. 29-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстандағы алғашқы ақылы жол Шолпан ата - Алматы тас жолы болмақ. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қырғызстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Нұрлан Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, жол ұзындығы шамамен 120 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстарының техникалық-экономикалық негіздеесін жасауға Еуропа қайта құру және даму банкі қазірдің өзінде ақша бөліп қойған. Бұл құжатты дайындау бір жарым жылға дейінгі уақыт алады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны