09.01.2013, 14:52 3342

Шошқа тұмауын жұқтырған адам қайтыс болды

Осыдан 3 күн бұрын қауіпті ауруды жұқтырған 26 жастағы жігіт Ирбидтегі ауруханалардың бірінде көз жұмған. Жалпы Иорданияның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде шошқа тұмауын 66 адам жұқтырған, олардың екеуі дәрігер. Ауырғандардың көбі ел астанасы Амман мен Ирбид қалаларының тұрғындары.

Астана. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - Иорданияда шошқа тұмауы деп аталып жүрген Эйч-1 Эн-1 вирусынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, осыдан 3 күн бұрын қауіпті ауруды жұқтырған 26 жастағы жігіт Ирбидтегі ауруханалардың бірінде көз жұмған. Жалпы Иорданияның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде шошқа тұмауын 66 адам жұқтырған, олардың екеуі дәрігер. Ауырғандардың көбі ел астанасы Амман мен Ирбид қалаларының тұрғындары.

Денсаулық сақтау министрі Хатем Азраидің мәлімдеуінше, бұған алаңдауға негіз жоқ, әдетте желтоқсан мен қаңтар айлары тұмау тарайтын маусым саналады. Қауіпті дерттің етек жаюуына тосқауыл қою үшін, елдегі ауруханалардың бәрі шошқа тұмауына қарсы вакциналармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, вакцинаны егу орындары ашылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны