26.01.2007, 13:09 3470

Синоптиктер ақпанның басында Алматыда күннің айтарлықтай суытатындағын болжап отыр

АЛМАТЫ. 26-қаңтар. Kazakhstan Today. Синоптиктер ақпанның басында Алматыда күннің айтарлықтай суытатындағын болжап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
 

Осы жылы суық ақпан айында басталады деп күтілуде", - деп хабарлады агенттік тілшісіне "Қазгидромент" республикалық мемлекеттік кәсіпорынынан. Кәсіпорынның бас синоптигі Светлана Аманқұлованың мәліметтеріне сүйенсек, бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде 10-15 градустан 20-25 градус суыққа, күндіз 2-7-ден 10-15 градус суыққа дейін жетуі мүмкін. 

 
Екінші онкүндік жылы болады. "Ауаның температурасы түнде 10-15 градустан 5-10 градусқа, күндіз 1-6 градус суықтан 0-5 градус жылыға көтеріледі деп күтілуде",- деді С. Аманқұлова. 
 
Айдың үшінші онкүндігінде ауа райының температурасы түнде 3-8 градус суықты, күндіз 5-10 градус жылыны көрсетеді. Дегенмен, синоптиктер айдың аяғында температураның қайтадан түнде 8-10 градус суыққа, күндіз 0-5 градус жылыға төмендейтіндігін болжап отыр.  
 

Осы айдағы ауаның орташа температурасы 5, 6 градус суықты көрсететіндігі күтілуде, бұл көрсеткіш Цельсия бойынша нормадан 1 градусқа төмен",- деп болжам жасауда. 

 
Ақпанда Алматыдағы жауын-шашын мөлшері нормадан төмен болады. "Негізінен қар жауады, айдың басында, ортасында және әсіресе үшінші онкүндікте тұман түседі. Көктайғақ үшінші онкүндіктің ортасында болуы мүмкін",- дейді мамандар. 
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны