13.07.2017, 20:00 3180

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов "Ақ бидай-2017" жазғы спорттық мерекесiнiӊ ашылуына қатысты

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ Мамлютка қаласында ұлттық спорттыӊ XXI-шi облыстық ойындары аясында Ақ бидай-2017" жазғы спорттық мерекесiнiӊ ашылуы өттi. Iс-шараға өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.

Петропавловск. 13 шілде. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ Мамлютка қаласында ұлттық спорттыӊ XXI-шi облыстық ойындары аясында Ақ бидай-2017" жазғы спорттық мерекесiнiӊ ашылуы өттi. Iс-шараға өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.

Мерекенi ашқан өӊiр басшысы бiздiӊ облыста спортты дамытуға көп көӊiл бөлiнетiнiн атап өттi.

"Елбасымыз Нұрсұлтан Ибiшұлы Назарбаев биылғы "Қазақстанныӊ Үшiншi жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк" Жолдауында: "Болашағын айқындап, сын-қатерлердi күтiп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеӊiске жетедi",-деген болатын. Президентiмiздiӊ алға қойған мақсатын жүзеге асыру үшiн бiзге мықты денсаулық, қажыр-қайрат, күш-жiгер, табанды еӊбек қажет. Солардыӊ барлығы осындай бiрлiгi мен ынтымағы жарасқан бейбiт күнде ғана шыӊдалады. Бiздiӊ болашағымыз-саламатты өмiр салты. Осы тұрғыда бұқаралық спорт түрлерiнiӊ алатын орны ерекше",-дедi Құмар Ақсақалов.

Өӊiр басшысы спартакиада қатысушыларына сәттiлiк тiледi.

Жарыс футбол, волейбол, баскетбол, велоспорт, үстел теннисi, жеӊiл атлетика, шахмат, ауыр атлетика, еркiн күрес, дойбы, гiр спорты, Президенттiк көпсайыс, пневматикалық вентовкадан ату мен бокс сияқты 16 спорт түрiнен өтедi.

2016 жылы спартакиада Жамбыл ауданында өттi. Ал 2018 жылы "Ақ бидай" ойындары М. Жұмабаев ауданында өтетiн болады.

Iс-шараныӊ соӊында мерекелiк от шашу мен дискотека ұйымдастырылды. Спартакиадыӊ жабылуы 2017 жылдыӊ 15 шiлдесiнде өтедi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны