14.12.2010, 16:12 4177

СҚО бұрынғы аудан әкіміне үкім шығарылды

СҚО бұрынғы аудан әкіміне үкім шығарылды

Петропавловск. 14 - желтоқсан. Kazakhstan Today - СҚО Айыртау ауданының бұрынғы әкімі Баржақсы Төлегенов бөтен мүлікті иеленіп, қызмет барысында жалғандыққа барғаны үшін 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Б. Төлегенов "ресми құжатқа, атап айтқанда бюджеттік комиссияның хаттамасына Б. Төлегеновтың төрағалығындағы комиссия мүшелері СҚО Айыртау ауданының әкімшілігіне 700 мың теңге көлеміндегі қаржыға қызметтік ғимарат сатып алуға қаржы бөлу туралы шешім қабылдағандығы туралы жалған мәлімет енгізген".

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, әкім ҚР "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңын бұзған. Б. Төлегенов Айыртау ауданындағы 4 бөлмелі пәтерді 690 мың теңгеге сатып алу туралы келісім шарт жасаған. "Ал пәтер шын мәнінде 130 мың теңгеге сатып алынған",- деп хабарлады қаржы полициясы.

"Аудандық соттың үкімімен Б. Төлегенов ҚР ҚК 176 бабының 3-тармағының "б", "г" тармақшасы бойынша және ҚР ҚК 314 бабының 3-тармағы бойынша айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен қатар 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды",- түсіндіріп өтті баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны