30.12.2013, 12:22 2937

СҚО энергетиктерінің шығармашылық байқауына шамамен 300 бала қатысты

Байқауға 5-14 жас аралығындағы шамамен 300 бала қатысты. Олардың арасында кәсіпкерлік жұмыскерлерінің балалары, Петропавл мектептерінің шәкірттері, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың облыстық мектеп-интернаты тәрбиеленушілері және де шалғай ауылдардағы мектеп оқушылары қатысты.

Алматы. 30 желтоқсан. Kazakhstan today. Солтүстік Қазақстан облысында жаңа жыл қарсаңында "Солтүстік Қазақстандық Тарату Электрожелілік Компаниясы" АҚ-ның 50 жылдығы мен энергетиктер күніне орайластырылған "Біздің үйдегі жарық пен жылу" атты балалардың шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылды.

"Жас суретшілерді марапаттау "Солтүстік Қазақстан Энерго" АҚ-ның орталық кеңсесінде ұйымдастырылды. Сол жерде балалардың үздік шығамашылық жұмыстары да көпшілік назарына ұсынылды", - дейді жұртшылықпен байланыс бөлімінің жетекшісі Александр Семенчук.

Байқауға 5-14 жас аралығындағы шамамен 300 бала қатысты. Олардың арасында кәсіпкерлік жұмыскерлерінің балалары, Петропавл мектептерінің шәкірттері, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың облыстық мектеп-интернаты тәрбиеленушілері және де шалғай ауылдардағы мектеп оқушылары қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны