17.07.2014, 20:49 6966

СҚО орталығында 15 футбол алаңы ашылады

Петропавл қаласындағы барлық шағын ауандарда жақын арада 15 жаңа футбол алаңы ашылады. Ол облыс әкімі Ерік Сұлтановтың тапсырмасымен салынады, - деп хабарлайды СҚО әкімдігі.

Алматы. 17 шілде. Kazakhstan today. Петропавл қаласындағы барлық шағын ауандарда жақын арада 15 жаңа футбол алаңы ашылады. Ол облыс әкімі Ерік Сұлтановтың тапсырмасымен салынады, - деп хабарлайды СҚО әкімдігі.

Құрылыс жұмыстары бюджет қаражатынсыз кәсіпкрліктердің қолымен салынуда. Жаңа футбол алаңдары аула балаларына тамаша сый болып, оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде үлкен мәнге ие болмақ.

Футбол алаңдары облыс орталығының басында ғана емес, сонымен қатар қала айнаналасындағы елді мекендерге де салынады. Өйткені ол жерлерде де халықтың өсуі қарқыны байқалуда.

Мысалға, Жұмысшы ауылындағы 31-інші мектептің ауласындағы 800 шаршы метр жер осы мақсатта бөлінген. Бүгінде құрылыс алаңы толықтай дайын тұр. Жасанды жабу бірнеше күннен кейін қойылады. Алдағы уақытта бұл жерде балалар спортпен шұғылдана бастамақ.

Нысанға өзі барған облыс әкімі атқарылған жұмыстармен танысты. Өңір басшысының айтуынша, жұмыстар барынша сапалы жасалуы тиіс.

"Мұнда сапалы жасанды алаң болады. Мен барлық балалардың футбол ойнауына жағдай жасауы тапсырдым. Алаң сонымен қатар барынша қауіпсіз болуы керек", - дейді әкім.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны