22.09.2009, 09:20 1441

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстарында минус 2 градусқа дейін қатқақ болады - ТЖМ

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстарында минус 2 градусқа дейін қатқақ болады - ТЖМ

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстарында минус 2 градусқа дейін қатқақ болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазақстан аумағының шығын бөлігіндегі ауаны атмосфералық фронттар айқындайды. Республика аумағының қалған бөлігінде күн райын ауқымды антициклон қалыптастырады. Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстарында кей жерлерде Цельсий өлшемі бойынша 0 - минус 2 градусқа дейін қатқақ болады".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, "Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге дейін күшейеді".

Республиканың оңтүстігінде 5 класс бойынша өрт қауіпсіздігі сақталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны