22.08.2012, 18:31 2664

Солтүстік Қазақстан облысында "Жұмыспен қамту-2020" жобасы бойынша баспасөз туры өтуде - баспасөз баяны

Бірінші жол түскен орын "Болашақ" балалар бақшасы болды, онда "Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020" бірінші бағытының қатысушысы Алла Титкова біліктілігін көтергеннен кейін жұмысқа орналасқан.

Қазіргі кезде баспасөз турына қатысушылар Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына келді, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бірінші жол түскен орын "Болашақ" балалар бақшасы болды, онда "Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020" бірінші бағытының қатысушысы Алла Титкова біліктілігін көтергеннен кейін жұмысқа орналасқан.

Бұдан басқа, журналистер Тайынша қаласындағы Жұмыспен қамту бағдарламасының 3-бағыты қатысушылары орналасқан жаңа үйлерде болды.

СҚО Жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үстіміздегі жылы 3 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған, іс-шаралармен 4 мыңдай адамды қамту көзделіп отыр.

Бірінші бағыт бойынша жыл басынан бері оқуға 396 адам жіберілген, әлеуметтік жұмыс орындарына 1106 адам жұмысқа орналастырылған, жастар практикасына - 786 адам тартылған. Екінші бағыт бойынша 600 млн теңгеге шағын несие берілген, оны бағдарламаның 268 қатысушысы алған. Кәсіпкерлік негіздерін оқуға 400 адам жіберілген.

Үшінші бағыт бойынша 73 пәтерлі 67 үй пайдалануға берілген, оларға 59 отбасы қоныстанған. Жыл соңына дейін тағы да 260 пәтерлі 195 үйді беру жоспарлануда. Биыл облыста 464 жұмыс орны құрылып, оған бағдарламаның 215 қатысушысы орналасқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны