28.07.2008, 17:18 3087

Солтүстік Қазақстан облысындағы нәрестелер орталығы 22 млн теңгенің жаңа жабдықтарын алды

Солтүстік Қазақстан облысындағы нәрестелер орталығы 22 млн теңгенің жаңа жабдықтарын алды

Петропавловск. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысындағы нәрестелер орталығы 22 млн теңгенің жаңа жабдықтарын алды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық нәрестелер орталығының босандыру бөлімінің меңгерушісі Наталья Клебанға сілтеме жасап.

Н. Клебанның айтуынша, босандыру бөлімінде АҚШ-та өндірілген ұрыққа кардиотокография жасайтын портативті мониторлар орнатылған. Олар босану барысына болжам жасауға, ана мен баланың организмінің жүктілік кезіндегі айрықша маңызды функцияларының көрсеткіштерін қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, орталық "Voluson-1" атты жас нәресте мен ұрықтың кез-келген дене мүшесінің дамуындағы ақауларды нақты анықтауға мүмкіндік беретін үш өлшемді УЗИ-аппарат алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны