16.06.2011, 10:10 2751

Солтүстік Қазақстанда төрт қызды дүниеге әкелген отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификаты берілді

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов кеше облыстық перинаталдық орталықта болып, төрт қызды дүниеге әкелген бақытты ата-ананы құттықтады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы. 16-маусым. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстанда төрт қызды дүниеге әкелген отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификаты берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов кеше облыстық перинаталдық орталықта болып, төрт қызды дүниеге әкелген бақытты ата-ананы құттықтады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Осыған дейін ҚазАқпарат хабарлағандай, Петропавлдың облыстық перинаталдық орталығында Солтүстік Қазақстан облысына қарасты аудандардың бірінде тұратын әйел төрт қыз баланы өмірге әкелді.

"Қыз балалар 11 маусым күні дүниеге келді. Олардың анасы облысқа қарасты аудандардың бірінде тұратын 32 жастағы әйел екенін айта аламын. Бұрын бұл отбасында бала болмаған. Үш қыздың салмағы 2 келі және бір сәби 1 келі 400 грамм салмақта. Ирине, олардың салмақтары аз, бірақ әйел ойдағыдай босанды. Сәби мен ананың денсаулығын біраз бақылауда ұстау керек болғандықтан, жас ана екі аптадан кейін перзентханадан шығады", - деді орталықтың бас дәрігері. Қыз балалардың есімдері Марина, Екатерина, Антонина және Елизавета.

Бақытты ата-ананы облыс әкімі құттықтап, оларға 3 бөлмелі пәтерге сертификат тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны