12.05.2016, 11:52 4285

Соӊғы 7 жылда жалақы бойынша мерзімі өткен берешек көлемі 42,5 есеге азайды

Сонымен қатар, аталған мерзімде аймақтардағы мемлекеттік еӊбек инспекциясыныӊ жүргізген тексерулері нәтижесінде (106 мыӊнан астам тексеріс) 435 мыӊнан астам қызметкерлердіӊ құқығы қорғалып, оларға тиесілі 46,5 млрд. теӊге төлемақы қайтарылды.

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - 2009 жылдан бастап республиканыӊ кәсіпорындарында жалақы бойынша қарыздарды анықтау мен оны өндіру жөнінде мемлекеттік органдардыӊ қабылдаған жүйелі шараларыныӊ нәтижесінде берешек көлемі 42,5 еседен астам азайды. 2009 жылы мерзімі өткен қарыздыӊ көлемі (3 айдан аса) 4,6 млрд. теӊге болса, 2016 жылғы мамыр айындағы мәлімет бойынша 108,2 млн. теӊгені құрап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар, аталған мерзімде аймақтардағы мемлекеттік еӊбек инспекциясыныӊ жүргізген тексерулері нәтижесінде (106 мыӊнан астам тексеріс) 435 мыӊнан астам қызметкерлердіӊ құқығы қорғалып, оларға тиесілі 46,5 млрд. теӊге төлемақы қайтарылды.

Еске сала кетейік, ҚР ДСИДМ мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, еӊбек даулары туындау тәуекелдеріне, қызметкерлердіӊ қысқартылуы мен жұмыстан босатылуына және жалақыныӊ уақытылы төленуі бойынша тұрақты негізде бақылау жүргізеді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны