13.01.2020, 18:22 11049

Статитискаға сәйкес жыл сайын өрттердің көп бөлігі тұрғын үй секторында шығады

Қысқы кезеңде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтардың 90%-ы электротехникалық желілерін, электр құралдарын және автономды жылыту жүйелерін пайдалануға байланысты болады.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Қысқы кезеңде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтардың 90%-ы электротехникалық желілерін, электр құралдарын және автономды жылыту жүйелерін пайдалануға байланысты болады.

Статитискаға сәйкес жыл сайын өрттердің көп бөлігі тұрғын үй секторында шығады.

Ағымдағы жылыту кезеңі қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтары үйлерінде профилактиканы күйшейтуге баса назар аудара отырып, мекенжайлық өрт-профилалактикалық жұмыстар жүргізу бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру тәсілі өзгертілді.

Алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында ТЖК аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және жылыту пештерін пайдалану бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Меңгерілген ақпаратты бекіту үшін тұрғындарға көрнекі өнімдер (жадынамалар, брошюралар, парақшалар және т.б.) таратылады.

Мәселен, республика бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының 169 мың тұрғын үйі есепке алынды, олар бүгінгі таңда өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарымен толық қамтылған. Барлығы 421 мың адамға нұсқау берілді. Өрт қауіпсіздігі талаптарының 148 мың бұзушылығы анықталды,оның 27 мыңы орнында жойылды.

Профилактикалық жұмыстар бір ғана барумен және үгіт материалдарын таратумен шектелмейді.

Мәселен, көрсетілген санат бойынша 93 мың тұрғын үйде қайта аралау жұмыстары жүзеге асырылды.

Қайта қарау барысында бұзушылық анықталған 78 мың үйден 37 мың үйдің тұрғындары өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдады.

41 мың үй бұзушылықтармен пайдаланылуда, бұл туралы жергілікті атқарушы органдар хабардар етілді.

Улы газбен уланудың немесе жану өнімдерінің қайғылы салдарларының қаупін азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен 2019 жылғы 1 маусымнан бастап 75 мың датчик сатып алынды және орнатылды, оның ішінде табиғи газ - 24 мың, улы газ - 51 мың, түтін-455.

1 қыркүйектен бастап тұрғын секторда 3 108 өрт болды, оның салдарынан 108 адам көз жұмды, өрт болмай, улы газбен уланудан 17 адам көз жұмды.

Өткен жылыту кезеңінің ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт санының 11% - ға (2018ж. - 3 502) азайғаны, сондай-ақ өрт кезінде адамдардың көз жұмуы 14% - ға (2018ж. - 101) азайғаны байқалады.

ҚР Конституциясына сәйкес азаматтардың тұрғын үйіне қол сұғылмайды және бақылауға жатпайды. Осыған байланысты ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды туған-туысқандары мен жақындарына қатысты жауапты болуға және қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі мен пешті пайдаланудың барлық талаптарын сақтауға шақырады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны