28.09.2018, 14:16 5411

Сүлеймен Демирель Университеті әлемге танылған бүркітші Айшолпанға толық білім грантын ұсынды

Айшолпан туралы ондаған фильмдер түсірілген. Бүгінгі таӊда ол Нью-Йоркте "Азияныӊ батыр қызы" деген маратпатқа ие. Моӊғолияныӊ Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген қазақ қызыныӊ құсбегілік өнері жайлы АҚШ режиссері Отто Белл деректі фильмінде дәріптеп, күллі әлемге паш еткен. Қазір 16 жасар бойжеткенді әлемніӊ белді жоғары оқу орындары - Гарвард пен Оксфорд білім алуға шақырған.

Алматы. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Дүние жүзінде еӊ жас құсбегі атанған қандасымыз Айшолпан Нұрғайыпқа СДУ университеті 100% білім грантын ұсынды.Бұл шешімді білім ошағыныӊ басшылығы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтыӊ Айшолпанға "қалаған отандық оқу орнына түсуге қолдау көрсетіледі" деген ұсынысына байланысты қабылдады. Қазақтыӊ атын әлем елдеріне паш еткен қандасымызды Атамекенге оралған сәтінде ыстық ықыласпен қарсы алып, жоғары білім алуына жан-жақты жағдай жасау қажет, деген ниетте білім ордасыныӊ басшылығы.

- Қазақ халқыныӊ құсбегілік өнерін әлемдік аренада кеӊінен насихаттап, отандық этномәдениетке елеулі үлес қосқан үшін қандасымыз Айшолпан Нұрғайыпқа СДУ университетініӊ 100 пайыздық грантын тағайындаймыз. Ирине, қандасымызға әлемніӊ үздік университеттері ұсыныс білдіргені үлкен мақтаныш. Алайда, атмекенді аӊсап келген дарынды жастарға қолдау көрсету, олардыӊ отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және білімін шыӊдап, еліне елеулі қызмет атқаратын азамат тәрбиелеу - басты мүддеміз, -деген пікірде СДУ ректоры Қанат Қожахмет.

Айта кеткен жөн, Айшолпан туралы ондаған фильмдер түсірілген. Бүгінгі таӊда ол Нью-Йоркте "Азияныӊ батыр қызы" деген маратпатқа ие. Моӊғолияныӊ Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген қазақ қызыныӊ құсбегілік өнері жайлы АҚШ режиссері Отто Белл деректі фильмінде дәріптеп, күллі әлемге паш еткен. Қазір 16 жасар бойжеткенді әлемніӊ белді жоғары оқу орындары - Гарвард пен Оксфорд білім алуға шақырған. Алайда, Айшолпан отандық оқу орнында білімін шыӊдағысы келеді және осы сәтте бойжеткенніӊ болашақта журналист мамандығын таӊдайтыны мәлім болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны