23.10.2019, 13:49 58745

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық "Жаңару" қозғалысы Оралда кеңес ұйымдастырды

Орал. 23 қазан. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық "Жаңару" қозғалысы Оралда кеңес ұйымдастырды.

Кездесуге қатысқан қозғалыстың өңірлік филиалдарының басшылары, мемлекеттік қызметкерлер мен жұртшылық өкілдері сыбайлас жемқорлықтың ең көп таралған көріністері және олармен күрес тәсілдері жайлы талқылады.

Өңірде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және мемлекеттік қызмет саласында жоғарғы мәдениет қалыптастыру бағытында жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатқан "Ашық әкімдік" жобасы азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету алаңына айналды.

Соған қарамастан, Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтар бойынша 116 дерек тіркелген. Қозғалыс қоғамда құқықтық ағартушылықты жүзеге асыру мақсатында "Ағарту" атты қор құру бастамасын көтеріп отыр. Ағарту қызметтері еңбек ұжымдары мен оқу орындарында жүргізілетін болады. Парламентке сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру бағытындағы істердің ахуалына қатысты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларының жауапкершілігін, атап айтқанда, бағынышты тұлғаларының сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін мемлекеттік органдардың басшылары отставкаға кету институтын қолданысқа енгізуді, құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсылық бойынша ғылыми сараптама жүргізуді қайта жандандыруды, ондай сараптама жүргізу құқығын үкіметтік емес секторға және тәуелсіз сарапшыларға беруді қарастыратын заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістерді қабылдау мерзімін жеделдете түсу ұсынылды. Сондай-ақ, "Жаңару" қозғалысы мемлекеттік қызметкерлердің басшылық буынының кірістері мен шығыстары туралы мәліметтердің ашықтығын жақтайды.

"Біз заңнамаға осындай өзгерістер енгізу туралы ұсыныс енгіземіз. Басшылардың кірістері, мүлкі мен шығыстары туралы декларациялардың жариялы болуы институтын енгізу, сондай-ақ, оған халықтың қол жеткізе алуы, біздіңше, мемлекет есебінен қалтасын қампитуға ниеті барлардың ауқымын біршама азайтады, деді "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық "Жаңару" қозғалысы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны