04.02.2016, 11:11 3032

Т. Дүйсенова халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша заӊ жобасын ұсынды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова Парламент Сенатында "Жұмыспен қамту туралы" ҚР Заӊ жобасын ұсынды

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова Парламент Сенатында "Жұмыспен қамту туралы" ҚР Заӊ жобасын ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Аталған заӊ жобасы Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында дайындалып, экономиканыӊ тиімділігін арттыру мен құрылымын ұзақ мерзімді өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз ететін сапалы еӊбек нарығын құруға бағытталған. Оны әзірлеу барысында Халықаралық еӊбек ұйымыныӊ негізгі қағидалары есепке алынып, сонымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдердіӊ тәжірибелері зерделенді", - деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

Заӊ жобасы келесі мәселелерді қарастырады:

1. Еӊбек нарығыныӊ көрсеткіштерін өлшеудіӊ халықаралық стандарттарына көшу:

- біздіӊ статистикалық деректерді халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге;

- әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтардыӊ санын нақтылауға, қажет болған кезде оларға өз қызметін заӊдастыру үшін жәрдем көрсетуге;

- өзі тұтыну үшін өнім өндірумен айналысатын адамдардыӊ санын нақтылауға және мәлімдеген мәртебеге қарай оларға атаулы мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

2. Жауапкершілігін күшейте отырып, жұмыссыз статусын беру рәсімін өзгерту. Жұмысқа орналасу мақсатымен жұмыспен қамту орталығына хабарласқан жеке тұлғаға еӊ алдымен жұмыс іздеуші тұлға статусы беріледі. Жұмыс іздеп келген адамға 10 күнде нарықтағы бос орындар ішінен тиісті жұмыс орнын іздеуге көмек көрсетіледі. Егер осы уақыт аралығында көзделген жұмыс табылмаса, бұл адамға жұмыссыз статусы беріліп, жұмыс іздеуші жұмыспен қамтудыӊ белсенді шараларына қатысуға жіберіледі, сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру жүйесініӊ қатысушысына жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемақы тағайындалады.

Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз тұлға үшін ЭЫДҰ-ға құрамдас мемлекеттер мен көптеген Еуропа елдерінде қолданылып жүрген жұмысқа орналастырудыӊ жеке картасын әзірлейтін болады.

3. Жаӊа Еӊбек Кодексіне сәйкес, экономикалық негіздеме бойынша жұмыстан босатуға, қызметкерлердіӊ санын немесе штатты қысқартуға, жұмыскерлерді жаппай қысқарту, яғни, кәсіпорын жұмысын тоқтатқан немесе банкротқа ұшыраған жағдайда, 4 айдан 6 айға дейін жұмысын жоғалтқанда әлеуметтік төлемдер уақытын ұзарту.

Осы шараларға қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар аударылған адамдар үшін, сол сияқты аударымдары жоқ адамдар үшін: тегін консультация және кәсіби бағдар беру; сондай-ақ: білім беру қызметтеріне, стипендия төлеу, тұру және жолақы шығыстарын өтеуді қамтитын материалдық көмек шығындарын толық өтей отырып, оқуға жіберуге; бюджет қаражаты есебінен еӊбекақысын толық субсидиялай отырып 6 айға дейін жастар практикасына бағыттауға; жалақысын жұмыс беруші белгілеген еӊбекақы мөлшерініӊ 35 пайызына дейін (бірақ еӊ төменгі жалақыдан төмен емес мөлшерде) 1 жылға субсидиялай отырып әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу; егер адамныӊ немесе отбасындағы әрбір мүшеге отбасыныӊ табысы белгіленген кедейлік шегінен аспаса, атаулы әлеуметтік көмек көрсету; мемлекет есебінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар аудару көзделуде.

Ұсынылған әлеуметтік қолдау түрлерін алу үшін жұмыссыз бен жумыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады, онда мемлекет әлеуметтік қолдау ұсыну және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларына қатысуға жіберу міндетін өзіне алады, ал жұмыссыз кәсіп иелену, жастар практикасына қатысу, әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеу міндетін алады.

Атаулы әлеуметтік көмек белсенді жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда ғана төленетін болады.

4. Жұмыспен қамтудыӊ белсенді шараларыныӊ әрбір түрі үшін азаматтардыӊ басым санаттарын анықтау. Сонымен бірге, заӊ жобасы жазғы демалыс уақытында студенттер мен жоғарғы сынып оқушыларына, кәсіпорынныӊ банкротқа ұшырауына байланысты бос тұруы кезінде немесе жұмысыныӊ тоқтатылғанында, қызметкерлердіӊ санын немесе штаты қысқарғанда, экономикалық негіздемелерге байланысты жұмыстан босатылғанда жалдамалы жұмысшыларға белсенді шаралардыӊ жекелеген түрлерін қарастырады.

5. Еӊбек нарығындағы өӊірлік сәйкессіздіктерді жою шаралары. Илеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді-мекендердегі азаматтарды жұмыс берушініӊ талаптарына сай әлеуеті жоғары елді-мекендерге, сонымен қатар, "Көші-қон туралы" ҚР Заӊына сәйкес, аймақтық қоныс аударушыларға берілетін квоталар аясында ҚР Үкіметі белгілеген аймақтарға тұлғаларды жұмыспен қамту мақсатында ерікті қоныс аудару ісін жандандыруға негізделген жаӊа шара қарастырылған.

6. Жұмыспен қамту орталықтары қызметтерініӊ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерініӊ ұсынатын қызметтерімен қайталанбауы үшін азаматтарды жұмыспен қамтудыӊ белсенді шараларына, сонымен қатар, қоғамдық жұмыстарға бағыттау бойынша барлық өкілеттілігі жұмыспен қамту орталықтарына беріледі. Олардыӊ көрсететін қызметтері Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағыдай "бір терезе" қағидасы бойынша құрылып, жұмыс берушілермен, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен белсенді жұмыс істеуге бағытталатын болады.

Заӊ жобасыныӊ аясында жеке жұмыспен қамту агенттіктерініӊ мүмкіндіктерін кеӊейту қарастырылған. Олар жұмыс іздеп жүрген және/немесе жұмыссыз адамдар арасында кәсіптік бағдарлау байқауларына қатыса алады.

Заӊ жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға және мемлекеттік бюджеттіӊ қаржылай шығынына әкелмейді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны