10.11.2015, 15:43 4102

Т. Дүйсенова қазақстандықтарға жаӊа Еӊбек кодексініӊ нормаларын түсіндіріп, денсаулық сақтау жүйесініӊ дамуы және әлеуметтік қамсыздандыру туралы айтып береді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ел азаматтарымен кездесу барысында ҚР жаӊа Еӊбек кодексініӊ нормаларын түсіндіріп, ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ "Денсаулық" жаӊа мемлекеттік бағдарламасы және әлеуметтік қамсыздандыру туралы айтуға негізделген кеӊ көлемді халыққа түсіндіру шараларын бастады.

Астана. 10 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ел азаматтарымен кездесу барысында ҚР жаӊа Еӊбек кодексініӊ нормаларын түсіндіріп, ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ "Денсаулық" жаӊа мемлекеттік бағдарламасы және әлеуметтік қамсыздандыру туралы айтуға негізделген кеӊ көлемді халыққа түсіндіру шараларын бастады. Бүгін ол Астана қаласы бюджет саласыныӊ қызметкерлерімен кездесті. Қараша айыныӊ барысында Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Павлодар қалаларына бармақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Министр бюджет саласы қызметкерлерімен кездесу кезінде астана тұрғындарына 2015 жылдыӊ 1 қаӊтарынан енгізілетін азаматтық қызметшілерініӊ еӊбекақысын төлеу жүйесініӊ жаӊа үлгісі туралы айтып берді. Аталған үлгіде азаматтық қызметшілерді біліміне, біліктілігіне, атқаратын қызметініӊ күрделілігі мен дәрежесіне қарай төрт санатқа бөлу көзделген:

1. Ұйымныӊ даму стратегиясы үшін жауап беретін және басқару шешімдерін қабылдайтын басқарушы персонал блогы (A блогы). Аталған блогқа ұйым басшылары мен басшылардыӊ орынбасарлары, ұйымдардыӊ бағыну деӊгейіне тәуелді (республикалық, облыстық, аудандық) құрылымдық бөлімшелердіӊ басшылары мен басшылардыӊ орынбасарлары кіреді.

2. Ұйымныӊ негізгі функцияларыныӊ іске асырылуын қамтамасыз ететін, негізгі персонал блогы (B блогы). Бұл блогқа дәрігерлер, мұғалімдер, ғылыми қызметкерлер, әлеуметтік қызметкерлер, ЖОО оқытушылары және ұйымныӊ негізгі функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлер кіреді. Аталған қызметкерлер үшін үш қызмет саласы: "Денсаулық сақтау" "Білім беру" және "Өзге де салалар" бойынша лауазымдық жалақыларды саралап есептеуді енгізу ұсынылады.

3. Икімшілік-құқықтық және шаруашылық функцияларын орындайтын әкімшілік персонал блогы (C блогы). Лауазымдардыӊ аталмыш блогы заӊгерлерді, есепшілерді, экономистерді, аудармашыларды, шаруашылық қызметініӊ меӊгерушілерін және т.б. қамтиды.

4. Қосалқы және техникалық функцияларды іске асыратын қосалқы персонал блогы (D блогы). Бұл блогқа іс қағаздарын жүргізушілер, архивариустер, кассирлер, коменданттар мен хатшылар жатқызылады.

Тамара Дүйсенова еӊбекақы төлеу жүйесініӊ жаӊа үлгісін енгізгеннен кейін біліктілігіне байланысты негізгі персонал қызметкерлері жалақысыныӊ сараланып арттырылуы күтілетінін хабарлады:

- денсаулық сақтау саласында - 7% -дан 28%-ға дейін,

- білім беру саласында - 15%-дан 29%-ға дейін,

- өзге салаларда - 28%-дан 40%-ға дейін.

Сондай-ақ, қызметкердіӊ білім, біліктілік деӊгейіне, еӊбек өтіліне және т.б. қарай өсім сараланатын болады

Министр астаналықтарға 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасыныӊ жүзеге асырылу нәтижелері туралы әӊгімелеп берді. Сонымен қатар, негізгі мақсаты қоғамдық денсаулық жүйесін дамыту, аурулардыӊ алдын алу мен басқаруды жетілдіру, денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мен басқарудыӊ тиімділігін арттыру, ресурстарды тиімді қолдануды қамтамасыз ету және инфрақұрылымдарды оӊтайландыру болып табылатын ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" жаӊа мемлекеттік бағдарламасы туралы да айтты. Бағдарламаныӊ негізгі міндеті - 2020 жылға қарай Қазақстан Республикасы тұрғындарыныӊ өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайту.

11 қарашада Тамара Дүйсенова Астана қаласы әкімініӊ орынбасарымен, Астана қаласы бойынша әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасыныӊ, ҚР Кәсіподақ Федерациясыныӊ, Аймақтық кәсіпкерлер палатасыныӊ өкілдерімен, астаналық кәсіпорын басшыларымен болатын кездесуде ҚР жаӊа Еӊбек кодексініӊ негізгі нормаларын түсіндіретін болады.

Естеріӊізге сала кетейік, ағымдағы жылдыӊ 5 қарашасында Қазақстан Парламенті мемлекет жұмыскерлерге берілетін кепілдеме мен өтемақыныӊ еӊ төменгі деӊгейдегі еӊбек стандарттарын анықтап, жұмыс беруші тараптарыныӊ бұл міндеттемелерді орындауын қатаӊ бақылауға алуды қарастыратын ҚР жаӊа Еӊбек кодексініӊ жобасын қабылдады.

Жұмыс беруші мен қызметкердіӊ еӊбек қатынастары көп жағдайда жалдау, кадрлардыӊ орнын ауыстыру, жұмысшыны жұмыстан босату, жұмыс уақыты, еӊбек шарттары мен оныӊ төлемақысы салаларындағы өзара келісім жасау және ұжымдық шарттардыӊ әлеуетін күшейте отырып, өзін-өзі реттеу қағидаларына сай жүзеге асырылатын болады.

Жұмыс берушілер үшін жалдау, кадрлардыӊ орнын ауыстыру, қызметкерді жұмыстан босату, еӊбек шарттары мен оныӊ төлемақысын анықтау шаралары жеӊілдетілген. Сондай-ақ, негізгі еӊбек кепілдемелері мен қызметкерлердіӊ құқықтары бекітіліп, оларды ұжымдық, жеке шарттар мен келісімдерді жасау және қызметкерлердіӊ құқықтары мен мүдделерін қорғайтын құралдар арқылы ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған.

Қызметкерлердіӊ құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында кәсіподақтардыӊ рөлі кеӊейтілді, оныӊ ішінде жақында қабылданған "Кәсіподақтар туралы" Заӊда қарастырылған мүмкіндіктер де есепке алынды.

Осылайша, юнионизация тәжірибесініӊ дамуына септігін тигізетін тараптардыӊ ұжымдық шарттар мен келісімдер жасаудағы қызығушылығы арта түседі.

Еӊбек қатынастарын ырықтандырудағы аталмыш үлгі ЭЫДУ стандарттарына сай келеді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны