08.10.2019, 17:32 13979

Түркістан облысының Қазығұрт аудандық жер кадастры және үкіметті тіркеу бөлімінің басшысы алаяқтық жасады деп айыпталуда

Ол азамат жер учаскесіне мемлекеттік актіні және үйге техникалық паспортты беру үшін бұрын келісілген 200 000 теңгеден 140 000 теңге көлеміндегі ақша қаражатын алаяқтық жолмен иемденуге күдікті деп танылды.

Алматы. 8 қазан. Kazakhstan Today - Түркістан облысының Қазығұрт аудандық жер кадастры және үкіметті тіркеу бөлімінің басшысы алаяқтық жасады деп айыпталуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысының ҰҚКД-мен бірлесе отырып, қызмет бабын пайдаланып, алаяқтық жасады деген күдікпен Түркістан облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының Қазығұрт аудандық жер кадастры және тіркеу бөлімінің басшысын әшкереледі.

Ол азамат жер учаскесіне мемлекеттік актіні және үйге техникалық паспортты беру үшін бұрын келісілген 200 000 теңгеден 140 000 теңге көлеміндегі ақша қаражатын алаяқтық жолмен иемденуге күдікті деп танылды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің дегейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны