23.03.2020, 23:11 7960

Төтенше жағдай жарияланған уақыттан бастап 2020 жылдың 23 наурызы сағат 10.00-ге дейін 5 710 турист елге қайтарылды

Төтенше жағдай жарияланған уақыттан бастап 2020 жылдың 23 наурызы сағат 10.00-ге дейін 5 710 турист елге қайтарылды. Бүгін тағы 145 туристті қайтару жоспарланған.

Алматы. 23 наурыз. Kazakhstan Today - Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан өз басты міндеттерінің бірі ретінде елімізде жарияланған төтенше жағдайға және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты шет елдерден азаматтарымызды төтенше жағдайда тез арада қайтару шараларын қабылдады.

Туристердің қайтарылуын ұйымдастыру үшін шығу туризм саласындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын кепілдендіру жүйесінің әкімшісі "Туристік Қамқор" корпоративтік қорының қаражаттары тартылды. Туристік бизнес пен мемлекеттік органдардың байланыстырушысы іспетті бұл қор 2016 жылдың 7 қарашасынан бастап жұмыс істейді.

Төтенше жағдай жарияланған уақыттан бастап 2020 жылдың 23 наурызы сағат 10.00-ге дейін 5 710 турист елге қайтарылды. Бүгін тағы 145 туристті қайтару жоспарланған.

"Туристік Қамқор" қоры жалпы саны 3 748 жолаушыға 19 чартерлік рейс ұйымдастырды. Сонымен қатар 342 адамға шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінде апаттық қайта оралу бойынша жаңа маршруттар жасалып, әуе билеттері сатып алынды, 1 765 Қазақстанға жоспарлы түрде жеткізілді.

Әр түрлі себептермен қордың көмегін пайдаланбау туралы шешім қабылдаған 59 адам қалады. Бұл адамдармен жеке жұмыс жүргізілетін болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны