20.11.2020, 22:57 9091

Тұңғыш Президент - Елбасы музейінде екі көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы музейінің ғимаратында "Тәуелсіз Қазақстанның тарихи негізі" және "Дипломатиялық сыйлықтар - адамзаттың мәдени мұрасының құрамдас бөлігі" атты екі көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті

Алматы. 20 қараша. Kazakhstan Today - 19 қараша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы музейінің ғимаратында "Тәуелсіз Қазақстанның тарихи негізі" және "Дипломатиялық сыйлықтар - адамзаттың мәдени мұрасының құрамдас бөлігі" атты екі көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Елбасы кітапханасының мұрағаттық, кітаптар және музей жинақтарындағы көрмелер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне және Тәуелсіздік Күніне арналған іс-шаралар сериясы аясында дайындалды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ғалымдар, белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

- Биылғы жыл көптеген маңызды мерейтойлармен есте қалды, көбісін онлайн режимде атап өтуге мәжбүр болдық. Сондықтан мен құрметті қонақтарды осы жерде көргенімен өте қуаныштымын. Мемлекеттік мерекелерге және Елбасының атымен тікелей байланысты мерекелерге арналған көрмелердің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының Тұңғыш Резиденциясында ашылып жатқандығының өзіндік мәні бар. Аталған мерекелер қарсаңында халықтың ұлттық бірегейлігі мен тарихи жадының жаңғыруына байланыс жасай алу мүмкіндігі жасампаздығымызға серпін береді. Біздің экспозицияда көрсетілгендердің бәрі жүректеріңізден орын алады деп сенеміз, себебі біз салдары мен көлемі ауқымды өзгерістердің заманадасымыз, - деген Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов қатысушыларды алда келе жатқан мерекелермен құттықтады.

- Мен осындай қызықты да маңызды көрме ұйымдастырған Тұңғыш Президент Кітапханасының басшылығы мен қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді. Осы жылы біз Тәуелсізідктің 29 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Аталған уақыт аралығында бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, алға қойған мақсаттарымызға қадамдап келеміз. Осы кезеңдегі Қазақстанның барлық жетістіктері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен, оның идеяларымен, шешімдерімен, бастамалары және саясатымен байланысты екенін ешкім жоққа шығармайды деп ойлаймын. Оның арқасында көк туымыз бар дамыған елдерде танылды. Біздің және қазақстандықтардың болашақ ұрпақтарының міндеті - осы мұраны сақтап, оны арттыру, - деді Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, Елбасы кітапханасы Ғылыми кеңесінің құрметті мүшесі Ерсұлтан Бектұрғанов.

- Мен ұйымдастырушыларды екі көрменің бірдей ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Көрмелердің бірі өткенге көз салып, еліміздің терең тарихыны қарай тамыр тартса, екіншісі дипломатиялық сыйды мәдени мұраның бір бөлігі ретінде көрсетеді. Мұндай сыйлар тараптардың қарым-қатынасын, әлемдегі саяси жағдайды, келіссөздердің тақырыбын т.с.с бейнесін танытады. Елбасының дипломатиялық таланты Қазақстанға халықаралық аренада абырой әперіп, жауапты серіктес ретінде танытты, осылайша елге инвестиция тарту, ірі халықаралық ынтымақтастық ұйымдарына төрағалық етуге және т.б жол ашты. Нұрсұлтан Әбішұлының есімі бүкіл әлемде ерекше құрметке ие, - деді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі Дастан Елеукенов.

"Тәуелсіз Қазақстанның тарихи негізі" көрмесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткенді зерттеу мен насихаттауға арналған бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру барысында Ұлы Даланың тарихи-мәдени мұрасын жаңғырту мен дамытуға қосқан үлесін көрсететін фото, видео және мәтіндер ұсынылған.

Елбасы кітапханасының мұражай қорында ерекше жәдігерлер бар, олардың маңызы терең символизм, тарихи оқиғаларға қатысы және орындау ерекшелігімен тікелей байланысты. Сағат жасау өнерінің 70-ке жуық әрқилы және өте сирек кездесетін туындылар "Дипломатиялық сыйлықтар - адамзаттың мәдени мұрасының құрамдас бөлігі" атты көрмеде көрсетілген. Жинақ негізін Н.Ә. Назарбаевқа шет мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен қорлар, шетелдік делегациялар, мемлекет басшысының жаһандық беделін мойындаған Қазақстан халқының сыйлықтары құрайды. Көрмеде сағат жасаудың ерекше үлгілерін, атап айтқанда, әлемге әйгілі Atmos, Hermle, Berhard Richards Manufacture, Blancpain сынды еуропалық мануфактура өнімдерін кездестіруге болады. Көрмені тамашалаушылардың назарын танымал композитор Н.Тілендиевтің сағаты аударуы мүмкін. Бұл сағатты Н.Назарбаевқа композитордың жұбайы сыйлаған еді; "Паровоз" сағаты 18-ші ғасырдың екінші жартысындағы өнеркәсіптік революцияның алғашқы бу машиналарына қатысты; Atmos - әлемдегі күнтізбесі 3000 жылдан басталатын жалғыз сағат және т,с.с. Сағаттарға ерекше тарихи мәнді есте қаларлық оқиғалармен бедерленген граверлер мен клеймдер үстейді. Мәселен, "Ракета" сағаты Н.Ә. Назарбаевтың Қазақ КСР-ін басқарған кезеңіндегі өмірінен сыр шертетін қызықты зат саналады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны