08.02.2018, 16:25 5529

Талдықорған әкімдігі кәсіпкерлермен бірлесіп 100 ауланы көркейтпек

Қала әкімініӊ айтуынша, 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісіндегі өнім көлемі 67,0 млрд. теӊгеден асып, 2016 жылмен салыстырғанда 15 % артты. Өткен жылы 7 кәсіпорын іске қосылып, қолданыстағы 2 өнеркәсіп кеӊейтілген. Соныӊ нәтижесінде 237 жаӊа жұмыс орны құрылды.

Талдықорған.8 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтыӊ қатысуымен Көрме павильонында Талдықорған қаласыныӊ әкімі Бағдат Қарасаевтыӊ ел алдындағы есеп беру жиыны өтті, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жиында қала әкімі 2017 жылы атқарған қызметі және 2018 жылға міндеттер туралы баяндама жасады.

Қала әкімініӊ айтуынша, 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісіндегі өнім көлемі 67,0 млрд. теӊгеден асып, 2016 жылмен салыстырғанда 15 % артты. Өткен жылы 7 кәсіпорын іске қосылып, қолданыстағы 2 өнеркәсіп кеӊейтілген. Соныӊ нәтижесінде 237 жаӊа жұмыс орны құрылды.

Биылғы жыл міндеттерініӊ бірі - "Талдықорған" индустриалды аймағына инвестиция тарту. Изірге мұнда 2 кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

Баяндамадағы мәліметтерге жүгінсек, ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 16 млрд. теӊгеге жеткен, қаладағы 71 шаруа қожалығы "Агробизнес - 2020" бағдарламасы шеӊберінде 5 кооперативке біріктірілген.

Шағын және орта бизнес саласында 58,1 млрд. теӊгеніӊ өнімі шығарылып, 352 жаӊа жұмыс орны құрылды. Жалпы Талдықорғанда 26 мыӊ адам еӊбек ететін бизнестіӊ 9861 субъектісі жұмыс істейді.

Биылғы жылы құрылыс саласындағы басым бағыттыӊ бірі - коттедж қалашығын салу. Жыл соӊына дейін құны 2,4 млрд. теӊге болатын 202 пәтерлі 166 коттедж тұрғызу көзделген. Сонымен қатар жыл аяғына дейін бюджет қаражаты есебінен 520 пәтерлі 9 көпқабатты үй, жеке қаражат есебінен 195 пәтерлі 4 көпқабатты үй салынады.

Сол сияқты биылғы жылы қала әкімдігі 100 ауланы абаттандыру жобасына кіріспек. Соныӊ ішінде 50 аула аумағы кәсіпкерлердіӊ көмегімен "Туған жер" жобасы бойынша жүзеге асырылады деп күтілуде.

Қаланы абаттандыру, көркейту, жол жөндеу бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылған. Қаланы газдандыру жалғасуда. Бүгінгі күні табиғи газға 393 абонент қосылса, тағы 233-ін қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Газға ауыстыру мақсатында 5 қазандыққа жаӊғырту жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ дайындалуда. Жыл соӊына дейін оныӊ 2-еуінде жұмыстар аяқталады.

2017 жылы қаланыӊ жалпы ұзындығы 35,5 шақырым болатын 39 қосалқы көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы тағы 55 көшеге жөндеу жоспарына енгізіліп отыр.

Баяндамадан кейін қала тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Тұрғындар тарапынан айтылған өзекті мәселелердіӊ ішінде балалар үшін шатырлы лагерьдіӊ орнына жазғы демалыс нысанын салу, қоғамдық көліктердіӊ қызмет көрсету сапасын арттыру, қаладағы әскери қалашықтағы көпқабатты үйлерді қаланыӊ коммуналдық меншігіне өткізу проблемалары айтылды. Сонымен қатар, сауал қоюшылардыӊ сөзіне сүйенсек, мәселен, Қабылиса жырау, Ғ. Орманов, Рүстембеков көшелерініӊ кейбір қиылыстарында бағдаршамныӊ жоқтығы автокөліктер үшін түрлі қолайсыздықтар туғызып отыр. Ал Үйтас саяжайы тұрғындарыныӊ ауыз судан тапшылық көріп отырғандарына да біршама уақыт болған. Қала көшелеріне газ құбырларын төсеп жүрген құрылысшылар жұмыс аяқталған соӊ қазылған шұӊқырларды жаппай, жолдардыӊ асфальттарын ретке келтірмей, соӊдарынан қоқыстар қалдырып кететін жайттар да кездеседі. Осы және өзге де түйінді мәселелерге қала әкімі жауап беріп, олардыӊ шешілу жолдарын баяндады.

Есепті кездесуді қорытындылаған облыс әкімі А. Баталов қала тұрғындары үшін облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында қысқаша тоқталып өтті. Ауыл шаруашылығындағы, өнеркәсіп өндірісіндегі, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық салалардағы, әлеуметтік бағыттағы атқарылған жұмыстар жайында айта келе:

- Облыс орталығы Талдықорған қаласыныӊ бюджеті соӊғы үш-төрт жыл көлемінде едәуір өсті. Халқыныӊ саны 172 мыӊға жетіп отыр. Бизнес белсенді дамып келеді, салық түсімі де артты, даму көрсеткіші жақсы. Дегенмен, әлі көӊіл аударатын нәрселер баршылық, Мәселен, Зертхана мен Ийелдер консультациясы ғимараттарын салу жайында нақты ұсыныстар дайындап көрсету туралы айтқанмын, бұл тапсырма әзірге орындалған жоқ. Алдағы уақытта облыстық денсаулық сақтау басқарасымен бірігіп, осыған кірісіӊдер.Азаматтарға арналған үкімет, бассейн нысаны құрылыстарыныӊ жұмысын жеделдету керек. Орталық алаӊды жаӊғырту ісін, театр ғимаратын шілдеде аяқтауды тапсырамын. Жаӊадан салынған шағын аудандарға шағын сәулеттік формалар орнатып, көк желек отырғызып көркету қажет.Қаладағы қоғамдық көліктер жаӊа, сапалы, және сыйымдылығы үлкен болуы тиіс. Қала билігі ретінде тасымалдаушылардан қызмет көрсету сапасын көтеруді талап етіӊдер. Сол сияқты газдандыру, қатты қалдықтарды жинау мен сұрыптау, көшелерді жөндеу, аулаларды абаттандыру ісін сапалы деӊгейде жалғастыру керек. Президент өз Жолдауында атап өткендей, қай саланы болса да дамытуға "Смарт Сити" жүйесініӊ мүмкіндігі мол. Сондықтан "Ақылды қала" жобасына енгізу - алдағы міндеттердіӊ бірі.

Жалпы меніӊ берген тапсырмаларымды назарға алып, ұсыныс беріп жатырсыӊдар. Енді сол айтылған ұсыныстарды нақты жүзеге асырсаӊдар, жұмыстыӊ нәтижесі деген сол. Біз өз тарапымыздан облыс орталығына жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырып, қаланыӊ көркейе беруіне атсалысатын боламыз., - деді А. Баталов.

Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны