15.09.2009, 16:10 2894

Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансердегі өрттен зардап шегіп ауруханаға жатқызылған бір адам қайтыс болды (толықтырылған)

Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансердегі өрттен зардап шегіп ауруханаға жатқызылған бір адам қайтыс болды (толықтырылған)

Алматы. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансердегі өрттен зардап шегіп ауруханаға жатқызылған бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Наталья Буенко агенттікке мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Н. Буенко еске салып өткендей, өрттен кейін ауруханаға барлығы 10 адам жеткізілген, олардың екеуі жан сақтау бөліміне жатқызылды. "Жан сақтау бөліміне жатқызылған бір адамның дене терісінің 98%-ы күйікке шалдыққан. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, нәтиже бермей, ол бүгін таңертең қайтыс болды", - деді министрдің кеңесшісі.

"Жан сақтау бөліміне жеткізілген екінші адамның да жағдайы аса ауыр. Соңғы мәліметтерге қарағанда, оның жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік жасалғанымен, ол бәрібір ауыр жағдайда", - деді ол.

Н. Буенконың айтуынша, өрт салдарынан зардап шеккендердің екеуі ауруханадан екі күннен кейін шығарылған. "Жарақат бөлімшесіндегі алты адамның біреуінің жағдайы ауыр, бірақ нашарлаған жоқ. Бесеуінің жағдайы орташа дәрежеде ауыр, бірақ тұрақты", - деді министрдің кеңесшісі.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ільяс Бияхметовтың айтуынша, бүгін Талдықорғанда өрт кезінде қаза тапқан 15 адамды жерлеу рәсімі өтті, үш адам кеше жер қойнына тапсырылған болатын. Облыстық мәслихат депутаттарының шешімімен бүгінгі күн - қаралы күн деп жарияланды.

Сондай-ақ, Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде өрттен қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңгеден материалдық көмек көрсетіледі. Осындай шешім кеше Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қабылданды.

Еске сала кетейік, 13 қыркүйекте Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде шыққан өрттен 37 адам қаза болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны