27.12.2007, 16:36 3626

Тараз - Шымкент тас жолын тазалау жұмыстары жалғасуда

Тараз - Шымкент тас жолын тазалау жұмыстары жалғасуда

Астана. 27-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы - Ташкент - Термез тас жолының Тараз - Шымкент бөлігін қардан тазалау жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. "Қазіргі уақытта Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қарлы бұрқасынды ауа-райы сақталып отыр. бұл аймақта қар жамылғысының қалыңдығы 2-3 метрге жетті. Жолды қардан аршу және Алматы - Ташкент - Термез тас жолының Тараз - Шымкент бөлігін қардан тазалау жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Шақпақ асуында 200-ге жуық автокөлік "қар тұтқынында" қалған. Олар негізінен жүк көліктері мен автобустар болғандықтан қар тазалау жұмыстарын қиындатып отыр.

26-желтоқсан күні Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында Шақпақ асуына дейін қатынас қамтамасыз етілген еді. Ол жерде 1 шақырым ғана жолды тазалау қалған болатын. Қазіргі уақытта осы жерде қарды тесіп өту бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

"Бір тәулік бойы Жамбыл облысының әкімшілігімен бірлесе отырып "Қазақавтожол" республикалық-мемлекеттік кәсіпорынының күшімен көлік құралдарын өткізетін қар тазалау техникасы жұмыс істеген. Бұл жерде 3 шнекоротор, 2 автогрейдер және өзге де қар тазалайтын барлығы 30 машина жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе отырып 4 БТР, 1 бульдозер, 1 автогрейдер іске қосылған. "Қазақавтожол" республикалық-мемлекеттік кәсіпорынының Алматы, Қызылорда облыстық бөлімшелерінен тахника тартылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ауа температурасының Цельсий бағанасы бойынша 30-35 градусқа дейін күрт өмендеуіне байланысты Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарында 25-інен 26-сына қараған түні дизельді отынмен жүретін және бағыттық автобустардың қозғалысы шектетілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны