16.08.2007, 16:33 3731

Таразда VIII - IX ғасырларда салынған мешіттің ғимаратын қалпына келтіруде

Таразда VIII - IX ғасырларда салынған мешіттің ғимаратын қалпына келтіруде

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 16 - тамыз. ТАРАЗ. Таразда VIII - IX ғасырларда салынған мешіттің ғимаратын қалпына келтіруде, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

Тараздағы ескі қалашық аумағындағы археологиялық қазба жұмыстары өткен жылдың қарашасында басталған. "Орта Азияда бұрын соңды болмаған бірегей ғимарат қала орталығындағы үйінділердің астында жатқан",- деді археолог-өңдеуші, Археология институтының ғылыми қызметкері Айжан Досжанова. "Біз тазалаудан кейін қабырғалардың қалдықтарына консервация жүргіздік. Осы күнге дейін қираған бөліктерін тауып жатырмыз, оларды бекітудеміз",- деп қосты ол.

Маманның пайымдауынша, мешіт күмбезді шіркеуді өзгерту арқылы бой көтерген. "Осыны еске ала отырып, орта ғасырлардағы ақпарат көздерінен самид әміршісі Исмаил ибн Ахмедтің Тараздағы жорығына байланысты бұрынғы шіркеуді мешітке айналдырып қайта салуға мәжбүрлегендігі жайлы мәлімет кездеседі",- деп қосты ол.

Бұл нысандағы өңдеу жұмыстары сәуірден бері жүргізілуде және де бүкіл тарихи кешен қайта қалпына келтірілгенше жалғасады.

"Орта ғасырдағы мәдениеттің Ежелгі Тараз, Төменгі Барысхан, Мерке, Құлан, Ежелгі Сауран сияқты орталықтарындағы археологиялық қазба жұмыстарын біз отыз жылға жуық жүргізіп келеміз",- деп хабарлады экспонаттың ашылуынан кейін өткен брифингте А. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, профессор Карл Байпақов. "Аталмыш нысандарда, Мерке мен Құланда, сондай-ақ заманауи орталық базар аумағының жекелеген жерлерінде жұмыстар одан әрі жалғасатын болады,- деп қосты ол. - Қала басшылары сауда қатарларын басқа жаққа орналастыру туралы шешім қабылдасымен, біз қазба жұмыстарына кірісеміз".

Жамбыл облысының әкімі Бөрібай Жексембин атқарушы органдар тарапынан көмек көрсетілетіндігіне уәде берді. Атап айтқанда, ол қазба жұмыстарын жүргізу үшін орталық базардағы жеке меншіктің жалға алып отырған жер телімдері мемлекеттік қажеттілік үшін тәркіленетіндігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны