25.12.2008, 17:37 2603

Тәуелсіз БАҚ-тар президенттен "БАҚ туралы" заңға енгізілетін түзетулерге вето қоюды өтінбек ниетте - "Иділ сөз"

Тәуелсіз БАҚ-тар президенттен "БАҚ туралы" заңға енгізілетін түзетулерге вето қоюды өтінбек ниетте - "Иділ сөз"

Астана. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Тәуелсіз БАҚ-тар президенттен "БАҚ туралы" заңға енгізілетін түзетулерге вето қоюды өтінбек ниетте. Бұл туралы бүгін "Иділ сөз" Халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калеева БАҚ туралы заңнаманы реформалау мәселесіне арналған дөңгелек үстел басталар алдында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз президент заңға қол қоюы мүмкін деп жорамалдаймыз.. Дегенмен, ол біздің сөзімізге құлақ асады деп үміттенеміз, біз "Нұр Отан" партиясы ретінде президентке бұдан бұрын да мәлімдеме жолдағанбыз, егер сенат біздің пікірімізді ескермесе, онда біз президенттен "БАҚ туралы" заңға енгізілетін түзетулерге вето қоюды сұрауымыз мүмкін екендігін жоққа шығармаймын", - деді Т.Калеева.

Оның айтуынша, "қор өз тарапынан қоғам мен депутаттарды өз пікіріне құлақ астыру үшін барлық заңды амалдарды толық қолданатын болады".

"Біз депутаттар мен қоғамның бізге құлақ асуы үшін және олар журналистердің корпоративтік мүддесіне ғана сай емес, қоғамның мүддесіне сай нақты толықтыруды іс жүзінде енгізуі үшін барлық заңды әдістерді пайдаланғымыз келеді. Біздің ұстанымымызға қосылатын көптеген БАҚ-тарда біртұтас наразылық бетін басып шығару туралы ұсынысымыз бар", - деді ол.

Қоғамдық қор, БАҚ пен журналистік үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерінің бастамашыл тобы мынаны ұсынады: " Бәле-жала мен жәбірлеуді декриминализациялау, жарияланымдар бойынша ар-ұждан мен беделді қорғау жөнінлегі істер бойынша талап ету мерзімінбір жылға дейін қалпына келтіру, тіркеу туралы куәліктің заңды мерзімін 3-тен 12 айға дейін ұлғайту".

"Біз "БАҚ туралы" заңға енгізген үкіметтік түзетулер мүлдем жаман деп отырған жоқпыз, біз олар өте мардымсыз, аз деп отырмыз. Біз салмақты заң жобасын, демократиялық ұсыныстар жасау қажет дейміз, тым құрыса заңға 1991 жылғы заңда болған жайттарды: талап ету мерзімі, монополияға қарсы шектеу және басқасын қайтара енгізуді сұраймыз", - деді Т. Калеева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны