23.07.2008, 10:03 1175

Тәжікстан банктері мақта егісінің 93 мың гектарын несиелендіруге қаржы бөледі

Тәжікстан банктері мақта егісінің 93 мың гектарын несиелендіруге қаржы бөледі

Душанбе. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Адғаш рет биыл ғана қолданылып отырған мақта секторын қаржыландырудың жаңа механизміне сәйкес Тәжікстанда осы айдың басына қарай мақта егісінің 92 678 гектарын несиелендіруге диқан шаруашылықтары мен банктер арасында келісім жасалды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Тәжікстанның ауыл шаруашылық министрінің орынбасары Махмуд Кодиров мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Сонымен қатар, банктердің көмегімен диқан шаруашылықтары мен фьючерстік компаниялар арасында алқаптың 100 647 гектарын несиелендіру жөніндегі келісімдерге қол қойылды, деп хабарлады М. Кодиров.

Оның айтуынша, 35 608 гектардағы шаруашылықтар өзін-өзі қаржыландыру жолымен жұмыс істеу үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны