15.03.2007, 18:20 3183

Тәжікстан Ресейден құс етін импорттауға уақытша тыйым салды

ДУШАНБЕ. 15-наурыз. Kazakhstan Today. Тәжікстан Ресейден құс еті өнімдерін импорттауға уақытша тыйым салды, деп хабарлады журналистерге Тәжікстанның бас мал дәрігері Мулоджон Имірбеков.

Оның сөздеріне сүйенсек, аталмыш шешім елге құс тұмауының келу қаупіне байланысты қабылданып отыр. Шектеу Жұмыртқа, үй құстарының еті мен одан жасалған өнімдерді әкелуге қойылды. "Қойылған шектеу екі айға созылуы мүмкін",- деп хабарлады М. Имірбеков.

"Осы айдың басынан бастап республиканың мал дәрігерлік қызметі кеден қызметімен бірлесе отырып, құс еті мен одан жасалған азық-түліктерді әкелуге шекаралық бақылау қоюға қатысты күшейтілген жұмыс жүргізуде",- деді бас мал дәрігері.

Тәжікстанның кеден қызметіндегілер, бақылаушы органдар жуықта H5N1 вирусы табылған Ресейден келетін құс шаруашылық өнімдерінің тізіміне ерекше көңіл бөледі. "Сондай-ақ, "қара" тізімге ТМД-ның кейбір елдері, Түркия, Жапония, Қытай, Тайланд, Иран және Пәкістан кіреді",- деді сұхбаттасушы.

Мал дәрігерлік қадағалау қызметінің мәліметтері бойынша, өткен жылы Тәжікстанға 6,8 мың тоннадан астам тауық қанаттары, 2,3 мың тоннадан астам тауық етінің шұжығы, 3,7 мың тоннаға жуық тауықтың ұсақтап туралған еті және 930 тонна тауық еті импортталған. Тәжікстанға негізгі құс шаруашылығының өнімдерін импорттаушылар АҚШ, Бразилия, Канада, Иран және Ресей болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны