31.03.2008, 09:53 3214

Тәжікстанда газ жетіспеушілігі салдарынан ірі цемент өндіруші кәсіпорын тоқтап тұр

Тәжікстанда газ жетіспеушілігі салдарынан ірі цемент өндіруші кәсіпорын тоқтап тұр

Душанбе. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстандағы ірі цемент өндіруші кәсіпорын "Тәжікцемент" 28 наурыздан бері газ жетіспеушілігі салдарынан тоқтап тұр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Кәсіпорын өкілдері хабарлағандай, "Тәжікгаз" көгілдір отынды 28 наурыз күні өшірген.

Сенбі күні "Тәжікгаздың" бас директоры Фатхиддин Мухсиддинов кәсіпорынды газбен қамтамасыз ету оның газ беруші компания алдындағы 800 мың АҚШ долларындай қарызы төленгеннен кейін ғана қайта қосылады.

Қазіргі уақытта "Тәжікцемент" Тәжікстандағы ең ірі цемент зауыты болып табылады. Ол республиканың ірі құрылыс нысандарын цементпен қамтамасыз етеді. Оның жобалық қуаты жылына 1 млн тонна цементті құрайды. Бұгінгі таңда зауыт негізгі құралдарының тозуы себепті өз қуатының 20 - 25 пайызына ғана жұмыс істеп тұр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны