11.06.2018, 16:41 6061

Телебағдарламада ауыр тағдырын айтқан Гүлім Нүркебайға Алматы облысыныӊ басшылығы пәтер кілтін тапсырды

Еске салсақ, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін "Айналайын" жетім балалар үйінен шыққан Гүлім Нүркебай құжаттарыныӊ түгенделуі, жұмысқа тұру, баспана табу жағынан көп қиындық көргенін, жаӊа туған нәрестесімен бірге бүгінгі күні "Аналар үйін" тұрақ етіп отырғанын жыл басында "Жетісу" телеарнасыныӊ "Болмыс" ток-шоуында айтып, жәрдем сұраған болатын.

Талдықорған. 11 маусым. Kazakhstan Today - Талдықорғандағы "Айналайын" балалар үйініӊ түлегі, жалғызбасты ана Гүлім Нүркебайға Алматы облысы әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар бір бөлмелі пәтердіӊ кілтін тапсырды. Ол бұған дейін кішкентай сәбиімен "Аналар үйін" уақытша паналаған.Гүлімніӊ басына түскен қиын тағдырды "Болмыс" ток-шоуы арқылы көпшілікке жеткізген "Жетісу" телеарнасыныӊ аталмыш бағдарламасынан кейін Г.Нүркебайды облыс әкімі Амандық Баталов қабылдап, баспана мәселесін шешуге уәде берген еді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Алты айлық Анелия есімді сәбиімен бірге Гүлім енді Талдықорған қаласындағы Покрышкин көшесініӊ тұрғыны атанды. Жаӊа баспана иесін қуанышымен құттықтаған Ж. Омар:

- Облыс әкімі А. Баталов кешеуілдетпей пәтер кілтін тапсыруды маған тапсырған еді. Соған сәйкес бүгін баспаналы болу қуанышыӊмен облыс әкімініӊ атынан құттықтап келдім. Осы игілікті істіӊ шешімі Рамазан айына тура келіп отыр, әрі кішкентай Анелияныӊ несібесі шығар. Алдағы өміріӊ бақытты, шаӊырағыӊ берекелі, жүзіӊ жарқын болсын, - деді Ж. Омар.

Гүлімніӊ жанында жол көрсетіп, жәрдемші болып жүрген Талдықорғандағы "Аналар үйініӊ" үйлестірушісі Бақтыгүл Жексембаева жалғызбасты ананыӊ жағдайыныӊ оӊ шешілгеніне ризашылығын білдірсе, өз кезегінде Гүлім Нүркебай да облыс басшылығыныӊ тарапынан көрсеткен қамқорлық шараларына шынайы алғысын жеткізді.

Еске салсақ, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін "Айналайын" жетім балалар үйінен шыққан Гүлім Нүркебай құжаттарыныӊ түгенделуі, жұмысқа тұру, баспана табу жағынан көп қиындық көргенін, жаӊа туған нәрестесімен бірге бүгінгі күні "Аналар үйін" тұрақ етіп отырғанын жыл басында "Жетісу" телеарнасыныӊ "Болмыс" ток-шоуында айтып, жәрдем сұраған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны