23.10.2018, 16:19 4117

Теміржол тасымалдауларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жайы Қарағандыда талқыланды

Қарағанды облысы бойынша департаментінде "Адал Жол" жобалық офисініӊ жұмыс тобыныӊ кездесуі өткізілді, жұмыс тобыныӊ құрамына департамент қызметшілері, Көліктік бақылау инспекциясы, Ішкі істер желілік бөлімі, сонымен қатар Арнайы мониторингттік тобыныӊ мүшелері қатарынан қоғам өкілдері кіреді.

Қарағанды. 23 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 29 тамызында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамымен теміржол жолаушылар көлігіндегі жемқорлықтыӊ алдын алу бойынша келісімге қол қойылды.

Келісім аясында "Адал Жол" Жобалық кеӊсесі құрылды, оныӊ мақсаты теміржол және жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырудағы сыбайлас жемқорлық көріністерініӊ туындау себептері мен жағдайларын жою болып табылады.

Ағымдағы жылдыӊ 18 қазанында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қарағанды облысы бойынша департаментінде "Адал Жол" жобалық офисініӊ жұмыс тобыныӊ кездесуі өткізілді, жұмыс тобыныӊ құрамына департамент қызметшілері, Көліктік бақылау инспекциясы, Ішкі істер желілік бөлімі, сонымен қатар Арнайы мониторингттік тобыныӊ мүшелері қатарынан қоғам өкілдері кіреді.

Топ отырысында бірқатар түйіткілді мәселелер қарастырылды. Қоғам белсенділері және мемлекеттік орган өкілдерімен пойыз жолсеріктері арқылы сәлемдемелерді жолдау тәртібін оларды тасымалдаушыныӊ ресми ақылы қызметіне айналдыру арқылы реттеуді, жолаушылар жүгініӊ шамадан ауыр болуы фактілерін анықтап, бұзушылықтарды тіркеу үшін вагондарды электрондық таразылармен жабдықтауды және вагондардағы ретсіз сауданы қысқарту, сондай-ақ жолаушылармен қоғамдық тәртіптіӊ сақталуын қамтамасыз ету үшін вагондарда бейнебақылауды орнату жөнінде ұсыныстар берілді.

Жобалық топ бұл мәселелерге бей-жай қарай алмайтын азаматтарды және мүдделі тұлғаларды "Жолаушылар тасымалы" АҚ қызметіне өз ұсыныстары мен ескертулерін [email protected] электрондық мекенжайына жолдауын немесе 8 702 447 7402 (whatsapp/telegram) телефон нөміріне жүгінуін сұрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны