08.05.2015, 21:29 4264

Теміржолшылар қарттар үйіне қамқорлық жасады

Теміржолшылар қарттарды Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдығы мерекесімен құттықтады. Мекемеге тоӊазытқыштар, қысқа толқынды пештер, өтек секілді тұрмыстық заттарды сыйлады. Азық-түлік себеті табыс етілді.

Астана. 08 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін "ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметкерлері Астанадағы қарттар мен мүгедектердіӊ әлеуметтік медциналық мекемесінде болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Теміржолшылар қарттарды Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдығы мерекесімен құттықтады. Мекемеге тоӊазытқыштар, қысқа толқынды пештер, өтек секілді тұрмыстық заттарды сыйлады. Азық-түлік себеті табыс етілді.

Жаны жабырқау жандарға Маӊғыстаулық "Арна" өнерпаздар ансамблі патриоттық әндерден концерт қойды.

Теміржолшылар жыл сайын қаладағы қарттар үйіне көмек жасауды дәстүрге айналдырған.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны