12.10.2015, 12:01 3423

Теӊіз шекарашылары 3200 метр браконьерлік ауды анықтап, одан 240 дана балықты босатты

Өткен демалыс күндері Шекара қызметініӊ "Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасыныӊ шекарашылары жалпы ұзындығы 3200 метр ауды анықтап, одан 240 дана бекіре және бекіре тұқмдас балықты босатты

Астана. 12 Қазан. Kazakhstan Today - Өткен демалыс күндері Шекара қызметініӊ "Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасыныӊ шекарашылары жалпы ұзындығы 3200 метр ауды анықтап, одан 240 дана бекіре және бекіре тұқмдас балықты босатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ ішінде, "Форт-Шевченко" заставасыныӊ шекарашылары қызмет барысында "Favort" ЖШС аумағынан иесіз жатқан 113 дана бекіре балығын анықтады. Салмағы 570кг болатын балық "Исенбаева" жеке кәсіпкерлігіне берілді.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған шекара заставасыныӊ наряды Баутино елдімекені мен Аралды мүйісініӊ маӊайынан 39 және 11 дана иесіз балықты анықтады.

"Қарлығаш", "Сақшы", "Егемен", "Атырау" және "Сапсан" кемелері мен катерлері ұзындығы 3200 метр болатын ауды анықтап, одан 77 дана бекіре және бекіре тұқымдас балығын босатып, теӊізге жіберді.

Барлық деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны